HP LaserJet Enterprise Flow MFP M525 - Guarantee and Legal Issues Guide

HP LaserJet принтерінің жабдықтары
HP LaserJet тонер картридждерін пайдаланудан кейін тегін HP ғаламдық серіктестері арқылы
қайтарып, қайта пайдалану оңай. Əрбір жаңа HP LaserJet тонер картриджі мен жабдықтар
орамасында бірнеше тілдегі бағдарлама ақпараты мен нұсқаулар болады. Бөлек қайтарғаннан
гөрі бірнеше картриджді бірден қайтарсаңыз, қоршаған ортаны қорғауға үлесіңіз көбірек болады.
HP компаниясы экология тұрғысынан қолайлы, өнертабысты жəне жоғары сапалы өнімдер мен
қызметтерін ұсынуды, жобалау
мен жасап шығаруды, таратуды, пайдаланушыға беруді жəне
қайта жаратуды міндетіне алып отыр. HP ғаламдық серіктестері бағдарламасына қатыссаңыз,
сіздің HP LaserJet тонер картридждеріңізді өңдеу арқылы жаңа өнім шығаруға қажетті пластик пен
металдарын алып, жөнді қайта жаратуды қамтамасыз етеміз. Сөйтіп, қоқыс төгетін жерлерді
миллиондаған тонна қоқыстардан сақтап қаламыз. Бұл картридж қайта өңделіп, жаңа
материалдарда пайдаланылатындықтан, ол сізге
қайтарылмайды. Қоршаған ортаны сақтауға
жауапкершілік көрсеткеніңізге рахмет!
ЕСКЕРІМ: Тек шынайы HP LaserJet тонер картридждерін қайтару үшін қайтару белгісін
пайдаланыңыз. Бұл белгіні HP сиялы картридждерге, HP шығармаған картридждерге, қайта
толтырылған, қайта жасап шығарылған немесе кепілдік мерзімі кезінде қайтарылған
картридждерге пайдаланбаңыз. HP сиялы картридждеріңізді қайта өңдеу туралы ақпарат
алғыңыз келсе,
http://www.hp.com/recycle торабына өтіңіз.
Қайтару жəне қайта пайдалану туралы ақпарат
Америка Құрама Штаттары мен Пуэрто-Рико
HP LaserJet тонер картриджінің қорабына қосылған жапсырманы пайдаланудан кейін бір немесе
бірнеше HP LaserJet тонер картридждерін қайтаруға жəне қайта өңдеуге арналған. Төмендегі
тиісті нұсқауларды орындаңыз.
Көптік қайтарылымдар (бір картриджден көп)
1. Əр HP LaserJet тонер картриджін бастапқы қорапқа жəне қапшыққа ораңыз.
2. Жəшіктерді байлайтын немесе орайтын таспамен бірге байлау керек. Бір қаптаманың
салмағы 31 кг (70 фунт) дейін болуы мүмкін.
3.
Бір алдын ала төленген тасымалдау затбелгісін қолданыңыз.
НЕМЕСЕ
1. Өзіңіздің ыңғайлы қорабыңызды пайдаланыңыз, не болмаса
www.hp.com/recycle торабынан
немесе 1-800-340-2445 телефоны арқылы тегін жинақтау қорабын сұраңыз (HP LaserJet
тонер картридждерінің 31 кг (70 фунт) дейін салмағын көтереді).
2. Бір алдын ала төленген тасымалдау затбелгісін қолданыңыз.
Бір ғана картриджді қайтару
1. HP LaserJet тонер картриджін бастапқы қапшыққа жəне қорапқа ораңыз.
2. Тасымалдау затбелгісін қораптың алдыңғы жағына жабыстырыңыз.
Тасымалдау
АҚШ жəне Пуэрто-Рико елдерінде HP LaserJet тонер картридждерін қайта өңдеуге
қайтару үшін
қораптағы алдын ала төленген, мекенжайы жазылған тасымалдау жапсырмасын пайдаланыңыз.
20 Бап 3 Нормативтік ақпарат KKWW