HP LaserJet Enterprise Flow MFP M525 - Guarantee and Legal Issues Guide
Қоршаған ортаны бақылау бағдарламасы
Қоршаған ортаны қорғау
Hewlett-Packard компаниясы қоршаған ортаға зиян тигізбейтін жолмен сапалы өнімдерді
шығаруды ұстанады. Бұл өнім қоршаған ортаға зиянды азайтатын бірнеше белгілермен
жобаланған.
Озон өндіру
Бұл өнім ешбір елеулі озон газын өндірмейді (O
3
).
Тұтынылатын қуат
Дайын жəне Күту режимдерінде қуат тұтыну деңгейі айтарлықтай төмендеп, осы өнімнің жоғары
өнімділігіне əсер етпестен табиғи қорлар мен қаржыңызды үнемдейді. ENERGY STAR
®
жазуымен
белгіленген Hewlett-Packard баспа жəне кескіндеу құрылғысы логотипі кескіндеу жабдығына
қойылатын АҚШ Қоршаған ортаны қорғау агенттігінің 'ENERGY STAR техникалық шарттарына сай
белгіленген. Келесі белгі ENERGY STAR жазуымен белгіленген кескіндеу өнімдерінде болады:
Қосымша ENERGY STAR кескіндеу өнімі моделінің туралы ақпарат тізімі мына сайтта берілген:
www.hp.com/go/energystar
Тонерді пайдалану
EconoMode режимі тонерді аз пайдаланады, бұл тонер картриджінің қызмет ету мерзімін ұзартуы
мүмкін. HP компаниясы EconoMode режимін ұдайы пайдалануды ұсынбайды. EconoMode режимі
үнемі пайдаланған жағдайда, тонер картриджіндегі механикалық бөліктер тонер жабдығынан
ерте тозуы мүмкін. Баспа сапасы төмендей бастап, қанағаттанарлық болмаса, тонер картриджін
ауыстырған жөн.
Қағаз пайдалану
Бұл өнімнің қолмен/автоматты дуплекстеу (екі-жақты баспа) жəне N-дейін баспа (бір бетке
бірнеше бетті басып шығару) мүмкіндігі қағаз шығыны мен табиғи қорларды пайдалану
қажеттілігін азайтады.
Пластмасса
Ауырлығы 25 граммнан асатын пластмасса бөлшектер бұйымның пайдалану мерзімі
аяқталғаннан кейін пластмассаның қайта пайдалануға жарамдылығын күшейтетін халықаралық
стандарттар бойынша белгіленген.
KKWW Қоршаған ортаны бақылау бағдарламасы 19