HP LaserJet Enterprise Flow MFP M525 - Guarantee and Legal Issues Guide
HP компаниясының жоғары дəрежелі қорғау кепілдігі:
LaserJet тонер картриджіне шектеулі кепілдік беру
туралы мəлімдемесі
Осы HP баспа картриджіне оның материалдарының жəне өндірістік ақаулықтарының жоқтығына
кепілдік беріледі.
Осы кепілдікпен (a) қайтадан толтырылған, жаңартылған, қалпына келтірілген немесе тағы басқа
жолмен қолдан жасалған, (b) дұрыс пайдаланбаудан, дұрыс сақтамаудан немесе принтер үшін
жарияланған талаптарға сай келмейтін ортада пайдаланудан шыққан проблемалары болған
немесе (c) əдеттегідей пайдаланудан соң тозып калған картридждер қамтылмайды.
Кепілдік қызметін алу ушін, өнімді
сатып алған жерге қайтарыңыз (проблеманың жазбаша
түсіндірмесімен жəне қағазға басып шығарылған беттердің үлгілерімен бірге) немесе HP
Тұтынушыларды қолдау қызметімен хабарласыңыз. HP өз ұйғарымы бойынша ақаулы болып
шыққан өнімдерді ауыстырып береді немесе олардың құнын кайтарып береді.
ЖЕРГІЛІКТІ ЗАҢМЕН РҰҚСАТ БЕРІЛГЕН ДƏРЕЖЕДЕ ЖОҒАРЫДА БЕРІЛГЕН КЕПІЛДІКТЕР
ЖАЛҒЫЗ ДЕП САНАЛАДЫ ЖƏНЕ ЕШБІР БАСҚА ЖАЗБАША НЕМЕСЕ АУЫЗША КЕПІЛДІК
НЕМЕСЕ
ШАРТ ТІКЕЛЕЙ НЕМЕСЕ ЖАНАМА ТҮРДЕ БЕРІЛМЕЙДІ. HP КОМПАНИЯСЫ ƏСІРЕСЕ
ҚАНДАЙ ДА БІР ТАУАРЛЫҚ КҮЙ, ҚАНАҒАТТАНАРЛЫҚ САПА ЖƏНЕ БЕЛГІЛІ БІР МАҚСАТҚА
ЖАРАМДЫЛЫҚ ТУРАЛЫ КЕПІЛДІКТЕР МЕН ШАРТТАРДЫ МОЙЫНДАУДАН БАС ТАРТАДЫ.
ЖОҒАРЫДА АЙТЫЛҒАН ЖАҒДАЙЛАРДЫ КОСПАҒАНДА, HP НЕМЕСЕ ОНЫҢ
ЖАБДЫҚТАУШЫЛАРЫ ЕШҚАНДАЙ ЖАҒДАЙДА ЖОҒАЛҒАН МƏЛІМЕТТЕР ҮШІН НЕМЕСЕ
ТІКЕЛЕЙ, ЕРЕКШЕ, КЕЗДЕЙСОҚ, ЖАНАМА ЗИЯН (СОНЫҢ ІШІНДЕ ЖІБЕРІП АЛҒАН ПАЙДА
НЕМЕСЕ МƏЛІМЕТТЕР) ҮШІН
НЕМЕСЕ БАСҚА ЗИЯН ҮШІН ОЛАРДЫҢ КЕЛІСІМ-ШАРТТАН,
АЗАМАТТЫҚ ҚҰҚЫҚТЫҢ БҰЗЫЛҒАНЫНАН НЕМЕСЕ БАСҚА ЖОЛМЕН ШЫҚҚАНЫНА
ҚАРАМАСТАН ЖАУАПКЕРШІЛІК КӨТЕРМЕЙДІ.
БҰЛ МƏЛІМДЕМЕДЕ БЕРІЛГЕН КЕПІЛДІК ШАРТТАРЫ, ЗАҢМЕН РҰҚСАТ ЕТІЛГЕН ДƏРЕЖЕНІ
ҚОСПАҒАНДА, БҰЛ ӨНІМДІ СІЗГЕ САТУҒА ҚАТЫСТЫ МІНДЕТТІ, ЗАҢДА БЕЛГІЛЕНГЕН
ҚҰҚЫҚТАРЫҢЫЗДЫ ЖОЙМАЙДЫ, ШЕКТЕМЕЙДІ НЕМЕСЕ ӨЗГЕРТПЕЙДІ ЖƏНЕ ОЛАРДЫ
ТОЛЫҚТЫРЫП ТҰРАДЫ.
4 Бап 1 Қызмет жəне Қолдау KKWW