HP TopShot LaserJet Pro M275 - User's Guide
HP EasyColor опциясын пайдалану
Windows жүйесіне арналған HP PCL 6 принтер драйверін пайдалансаңыз, Microsoft Office
бағдарламаларынан басып шығарылған аралас мазмұнды құжаттарды
HP EasyColorтехнологиясы автоматты түрде жақсартады. Бұл технология құжаттарды
сканерлейді жəне .JPEG немесе .PNG пішіміндегі фотосуреттерді автоматты түрде реттейді.
HP EasyColor технологиясы бүкіл суретті бірнеше бөлікке бөлмей-ақ, бір уақытта жетілдіреді.
Нəтижесінде түс сəйкестігі жақсарып, мəліметтердің анықтығы жə
не ба
сып шығару
жылдамдығы артады.
Mac жүйесіне арналған HP Postscript принтер драйверін пайдалансаңыз, HP EasyColor
технологиясы барлық құжаттарды сканерлейді жəне барлық фотосуреттерді бірдей
жақсартылған фотосурет нəтижесімен реттейді.
Келесі мысалда, сол жақтағы суреттер HP EasyColor опциясын пайдаланбастан жасалған. Оң
жақтағы суреттер HP EasyColor опциясын пайдалану нəтижесінде алынған жақсартуларды
көрсетеді.
HP EasyColor опциясы HP PCL 6 жəне HP Mac Postscript принтер драйверлерінің екеуінде де
əдепкі бойынша қосылған, сондықтан түс реттеулерін қолмен жасаудың керегі жоқ. Түс
реттеулерін қолмен жасау мақсатында опцияны ажырату үшін, Windows драйверінде Түс
(Түсті) қойындысын немесе Mac драйверінде Түс/сапа опциялары қойындысын ашыңыз да,
құсбелгіні алып тастау үшін HP EasyColor ұяшығын ба
сыңыз.
KKWW
HP
EasyColor опциясын пайдалану
53










