HP TopShot LaserJet Pro M275 - User's Guide

Баспа тапсырмасының параметрлерін өзгерту
(Windows)
Баспа тапсырмасының параметрлерін өзгертуге арналған басымдық
Баспа параметрлеріне енгізілетін өзгерістердің басымдықтары өзгерістердің енетін жерлеріне
қарай белгіленеді:
ЕСКЕРІМ: Командалар мен диалог терезелерінің атаулары сіздегі бағдарламалық құралдың
түріне қарай əр түрлі болуы мүмкін.
Page Setup (Бет параметрлері) диалог терезесі: Осы диалог терезесін ашу үшін сіз
жұмыс істеп отырған бағдарламаның File (Файл) мəзірінен Page Setup (Бет параметрлері)
немесе оған ұқсас бір команданы басыңыз. Осы жерде өзгертілген параметрлер кез келген
басқа жерде өзгертілген параметрлердің күшін жояды.
Print dialog box (Баспа диалог терезесі): Осы ди
алог терезесін ашу үшін жұмыс істеп
отырған бағдарламаның File (Файл) мəзірінен Print (Басып шығару), Print Setup (Баспа
баптаулары) немесе ұқсас пəрменін таңдаңыз. Print (Басып шығару) диалог терезесінде
өзгертілген параметрлер басымдығы төмен Page Setup (Бет баптаулары) диалог
терезесінде енгізілген өзгертулердің орнын баспайды.
Printer Properties dialog box (p
rinter dr
iver) (Принтер сипаттары диалог терезесі
(принтер драйвері)): Принтер драйверін ашу үшін Print (Басып шығару) диалог терезесінен
Properties (Қасиеттер) тармағын таңдаңыз. Printer Properties (Принтер сипаттары)
диалог терезесінде өзгертілген параметрлер əдетте принтердің бағдарламалық
құралының ешбір жеріндегі параметрлердің орнын баспайды. Мұнда көптеген баспа
параметрлерін өзгертуіңізге болады.
Əдепкі принтер драйверінің па
раметрлері: Əд
епкі принтер драйверінің
параметрлерінде Page Setup (Бет параметрлері), Print (Басып шығару) немесе Printer
Properties (Принтердің қасиеттері) диалог терезелерінде өзгертілген параметрлерден
басқа барлық баспа тапсырмаларында қолданылатын параметрлер анықталады.
Принтер басқару панелінің параметрлері: Принтердің басқару панелінде өзгертілген
параметрлердің басымдығы басқа жерлерде енгізілген өзгерістерден төмен болады.
Бағдарламалық құрал жабылғанша принтердің барлық
тапсырмаларының параметрлерін өзгерту
1. Бағдарламалық құралда Print (Басып шығару) опциясын таңдаңыз.
2. Драйверді таңдап, содан кейін Properties (Қасиеттер) немесе Preferences
(Артықшылықтар) тармағын басыңыз.
24
Бап 4 Басып шығару KKWW