HP TopShot LaserJet Pro M275 - User's Guide

Желі сымсыз желілер тізімінде шықпайды
Сымсыз маршрутизатор қосылғанын жəне қуат көзі бар екенін тексеріңіз.
Желі жасырын болуы мүмкін. Дегенмен, жасырын желіге қосылуға болады.
Сымсыз желі жұмыс істеп тұрған жоқ
1. Желі кабелінің жалғанбағанын тексеріңіз.
2. Желінің байланысты жоғалтпағанын тексеру үшін, желіге басқа құрылғылар қосып көріңіз.
3. Желі ақпаратын жіберу арқылы желі байланысын тексеріңіз.
а. Компьютерде пəрмен жолы терезесін ашыңыз. Windows жүйесі үшін Пуск (Бастау)
түймесін басып, Запустить (Іске қосу) пəрменін таңдап, cmd деп теріңіз.
ə. Маршрутизатордың IP мек
енжайынан ке
йін келетін ping ақпаратын енгізіңіз.
Mac OS X амалдық жүйесінде желі утилитасын ашып, Ping терезесінің тиісті
жолағына IP мекенжайын енгізіңіз.
б. Егер терезе ақпарат жіберу уақытын көрсетсе, онда желі жұмыс істейді.
4. Маршрутизатор немесе өнім компьютеріңіз қосылған желіге қосылғанын тексеріңіз.
а. Конфигурация бетін басып шығарыңыз.
ə. Компьютеріңіз үшін конфигурациялау ес
еб
індегі қызмет орнату идентификаторын
(SSID) принтер конфигурациясындағы қызмет орнату идентификаторымен (SSID)
салыстырыңыз.
б. Сандар бірдей болмаса, онда құрылғылар бір желіге қосылмайды. Өнімнің сымсыз
орнатуын қайта конфигурациялаңыз.
Сымсыз желіні диагностикалық сынақтан өткізу
Өнімнің басқару тақтасынан сымсыз желі параметрлері туралы ақпарат беретін
диагностикалық сынақ жүргізуге болады.
1.
Негізгі экрандағы Setup
Орнату») түймешігін түртіңіз.
2. Төмендегі мəзірлерді ашыңыз.
Жүйені орнату
Автодиагностика
3. Сынақты бастау үшін, Желіні тексеруді іске қосу түймешігін түртіңіз. Өнім сынақ
нəтижелерін көрсететін сынақ бетін басып шығарады.
182
Бап 8 Мəселелерді шешу KKWW