HP TopShot LaserJet Pro M275 - User's Guide
Баспа сапасын жақсарту
Баспа сапасына қатысты мəселелер көшірілген құжаттарда ғана туындаса, мына шешімдерді
пайдаланып көріңіз.
● Өнімнің басқару тақтасындағы көшірме параметрлері қолданыстағы құжат пен қағаз түріне
лайықтанғанын тексеріңіз.
● Камера тұтқасының толық көтерілгенін тексеріңіз.
ЕСКЕРІМ: Көшірме жасау кезінде камера тұтқасын ұстауға болмайды. Сезімталдығына
байланысты камера тұтқасын жылжыту нəтижесінде суреттің сапасы нашарлауы мүмкін.
Камера объективінің жабынын тазалау
Көшірілген беттердің баспа сапасы қанағаттандырарлық болмаса, камера объективінің
жабынын абразивті емес шыны тазалағышқа малынған жұмсақ шүберекпен немесе ысқышпен
сүртіңіз.
ЕСКЕРТУ: Өнімнің кез келген бөлігін тазалау барысында абразивті заттарды, ацетонды,
бензинді, аммиакты көміртек тетрахлоридін пайдаланбаңыз; олар өнімді зақымдауы мүмкін.
Сұйықтықтарды тікелей түсіру үстеліне қоймаңыз. Олар астына төгіліп, өнімді зақымдауы
мүмкін.
Түсіру тақтасын тазалау
Көшірілген немесе сканерленген суреттердің сапасы жарамсыз болса, түсіру тақтасын сумен
жəне жұмсақ тазарту сұйықтығымен дымқылданған шүберекпен сүртіңіз. Тазалағаннан кейін де
сурет сапасыз болса, түсіру тақтасын жұмсақ шүберекпен жəне əйнек тазалау сұйықтығымен
қайта сүртіңіз.
ЕСКЕРТУ: Түсіру тақтасы бетінің бұрыштарына жақын орналасқан төрт қара нүктені өшіріп
немесе зақымдап алмаңыз. Бұл нүктелер камераны түсіру тақтасына туралау үшін
пайдаланылады.
ЕСКЕРТУ: Түсіру тақтасына су немесе тазалау сұйықтықтарын тікелей бүрікпеңіз. Алдымен
шүберекке бүркіп, сосын түсіру тақтасын сүртіңіз.
ЕСКЕРТУ: Өнімнің кез келген бөлігін тазалау барысында абразивті заттарды, ацетонды,
бензинді, аммиакты көміртек тетрахлоридін пайдаланбаңыз; олар өнімді зақымдауы мүмкін.
Кесіліп қалған көшірмелерге қатысты мəселелерді шешу
Өнім толықтай шеттен шетке басып шығара алмайды. Басып шығарудың ең үлкен аймағы
203,2 x 347 мм құрайды, беттің жан-жағында 4 мм баспаға кірмейтін жиек қалады.
● Түпнұсқа құжат баспа өлшемінен кіші болғанда, түпнұсқа құжатты түсіру үстелінің
бұрышынан 4 мм аулақ жылжытыңыз. Осы күйде қайта көшіріңіз.
● Түпнұсқалы құжат баспа өлшеміне сəйкес болғанда көші
рме кесіліп қалмауы мақсатында
суретті кішірейту үшін Уменш./Увелич. (Кішірейту/үлкейту) мүмкіндігін қолданыңыз.
KKWW
Баспа сапасын жақсарту
171