HP TopShot LaserJet Pro M275 - User's Guide

4. Сұралғанда, хат немесе A4 пішімді қағазын салыңыз.
5. Тазалау жұмысын бастау үшін OK түймесін түртіңіз.
Бір бет өнімге ақырын енеді. Процесс аяқталғанда, бетті шығарыңыз.
Түстерді теңестіру үшін өнімді тексеру
Егер басылып шыққан құжатта түсті күңгірт жерлер, бұлдыр сызбалар немесе түсі солғын
аймақтар болса, өнімді мөлшерлеп түстерді реттеу қажет болуы мүмкін. Түс ретін тексеру үшін,
басқару тақтасындағы Есептер мəзірінен диагностика бетін басып шығарыңыз. Егер беттегі
түстер блоктары бір бірімен теңестірілмесе, өнімді мөлшерлеу қажет болады.
1. Өнімнің басқару тақтасындағы Жүйені орнату мəзі
рін ашыңыз.
2. Баспа Сапасы мəзірін ашып, Color Calibration Түс мөлшерлеуі») элементін таңдаңыз.
3. Calibrate Now Қазір мөлшерлеу») опциясын таңдаңыз.
Баспа картриджі мен барабанның күтілген қалған қызмет мерзімін
тексеру
Төмендегі мəселелердің кез келгені болғанда əрбір баспа картриджін тексеріп, қажет болса
ауыстырыңыз:
Басып шығару тым ақшыл немесе кей жерлерде күңгірттеу көрінеді.
Басып шығарылған беттерде кішкентай басылмаған аумақтар бар.
Басып шығарған беттерде жолақтар бар.
ЕСКЕРІМ: Төмен сапалы баспа параметрін қолданғанда басылып шығатын қағаздар ашық
болып көрінуі мүмкін.
Жабдықтар күйінің беті баспа картридждері мен принтер барабанының күтілген қалған жұмыс
мерзімін көрсетеді. Сонымен қатар, онда өніміңізге арналған нағыз HP баспа картридждерінің
жəне принтер барабанының бөлшек нөмірі берілген.
1. Өнімнің басқару панеліндегі Есептер мəзірін ашыңыз.
2. Оны басып шығару үшін, Жабдықтар күйі бетін таңдаңыз.
Баспа сапасының бетін аудару
1. Өнімнің басқару тақтасындағы Есептер мəзірін ашыңыз.
2. Оны басып шығару үшін Баспа сынақ беті элементін таңдаңыз.
Бұл бетте түстің бес лентасы бар, төмендегі көрсетілгендей олар төрт топқа бөлінген. Əр
бөлімді тексере отырып, сіз əр жеке картридждегі ақаулықты бөліп ала аласыз.
168
Бап 8 Мəселелерді шешу KKWW