HP TopShot LaserJet Pro M275 - User's Guide
Қағаз дұрыс емес беріледі немесе кептеледі
Өнім қағазды тартып алмайды
Егер өнім науадан қағазды тартып алмаса, осы шешімдерді орындаңыз.
1. Өнімді ашып, кептелген парақтарды шығарып алыңыз.
2. Тапсырма үшін науаға дұрыс қағаз өлшемін салыңыз.
3. Науадағы қағаз бағыттағыштары қағаздың өлшеміне қарай дұрыс реттелгенін тексеріңіз.
Бағыттағыштарды қағаз жинағын майыстырмай, оларға тиіп тұратындай реттеңіз.
4. Қағазды қолмен беру сұрауын растау үшін өнімнің кү
тіп тұ
рғанын қарау мақсатында,
өнімнің басқару панелін тексеріңіз. Қағаз салып, жалғастырыңыз.
Өнім бірнеше қағаз парақтарын тартып алады
Егер өнім бірнеше қағаз парақтарын науадан тартып алса, осы шешімдерді орындаңыъз.
1. Науадан қағаздар жинағын жойыңыз жəне оны бүгіп, 180 градусқа бұрып, аударыңыз.
Қағазды желпімеу керек. Науадағы қағаздар жинағын қайтып салыңыз.
2. Осы өнім үшін HP қағаз ерекшеліктеріне сай келетін қағазды ғана пайдаланыңыз.
3. Мыжылмаған, бүгілмеген немесе бүлінбеген қағазды п
айдаланыңыз. Ег
ер қажет болса,
басқа бумадағы қағазды пайдаланыңыз.
4. Науаның толтырылғанын тексеріңіз. Егер солай болса, науадан қағаз жинағын толығымен
алып тастап, жинақты түзетіп, науаға қағаздың кейбірін қайта салыңыз.
5. Науадағы қағаз бағыттағыштары қағаздың өлшеміне қарай дұрыс реттелгенін тексеріңіз.
Бағыттағыштарды қағаз орнында тығыз, бірақ майыспай тұратындай реттеңіз.
Қағаз кептелістерін болдырмау
Қағаз кептелістерінің санын азайту үшін, осы шешімдерді орындаңыз.
1. Осы өнім үшін HP қағаз ерекшеліктеріне сай келетін қағазды ғана пайдаланыңыз.
2. Мыжылмаған, бүгілмеген немесе бүлінбеген қағазды пайдаланыңыз. Егер қажет болса,
басқа бумадағы қағазды пайдаланыңыз.
3. Бұрын басылып шығарылған немесе көшірілген қағазды қайта қолданбаңыз.
4. Науаның толтырылғанын тексеріңіз. Егер солай болса, нау
адан қа
ғаздар жинағын
шығарыңыз, жинақты тікейтіп, науаға кейбір қағаздарды қайта салыңыз.
5. Науадағы қағаз бағыттағыштары қағаздың өлшеміне қарай дұрыс реттелгенін тексеріңіз.
Бағыттағыштарды қағаз жинағын майыстырмай, оларға тиіп тұратындай реттеңіз.
6. Егер ауыр, дөңес немесе тесігі бар қағаз басып шығарсаңыз, бір мезгілде қолмен беру
мүмкіндігін жəне бір парақ беру мүмкіндігін п
айдаланыңыз.
KKWW
Қағаз дұрыс емес беріледі немесе кептеледі
159