HP TopShot LaserJet Pro M275 - User's Guide

«Мəселелерді шешу» тексеру парағы
Өнімге қатысты мəселені шешер кезде мына қадамдарды орындаңыз.
1-қадам: Құрылғының дұрыс реттелгенін тексеру
2-қадам: Кабельдерді немесе сымсыз байланысты тексеру
3-қадам: Басқару тақтасындағы қате хабарларын қарау
4-қадам: Қағазды тексеріңіз
5-қадам: Бағдарламалық құралды тексеру
6-қадам: Басып шығару жұмысын тексеру
7-қадам: Көшірме жұмысын тексеру
8-қадам: Жабдықтарды тексеру
9-қадам: Баспа тапсырмасын компьютер арқылы жіберіп көру
1-қадам: Құрылғының дұрыс реттелгенін тексеру
1. Өнімді қосу үшін немесе Автоматты өшір) режимін өшіру үшін, қуат түймесін басыңыз.
2. Электр қорек кабелінің қосылған жерлерін тексеріңіз.
3. Желілік кернеу өнімнің қуат конфигурациясына дұрыс екенін тексеріңіз. (Кернеу талаптары
жөнінде ақпаратты өнімнің алдыңғы қақпағының ішіндегі белгіден қараңыз.) Егер қуат
ұзартқышын қолданып, оның кернеу талаптары сипаттамаларға сай болмаса, өнімді
тік
елей қабырға розеткасына қосыңыз. Егер ол қорек розеткасына қосылып тұрған болса,
басқа розеткаға қосып көріңіз.
4. Егер осы əрекеттердің бірде біреуі көмектеспесе, HP Пайдаланушыға қолдау көрсету
қызметімен байланысыңыз.
2-қадам: Кабельдерді немесе сымсыз байланысты тексеру
1. Өнім мен компьютердің арасындағы кабель жалғауын тексеріңіз. Жалғаудың қауіпсіз
екеніне көз жеткізіңіз.
2. Мүмкін болса, кабельдің өзі сау екенін басқа кабельді қолдану арқылы тексеріңіз.
3. Өнім желіге қосылған болса, төмендегі элементтерді тексеріңіз:
Өнімдегі желі байланысының жанындағы шамды тексеріңіз. Егер желі белсенді болса,
шамда жасыл түс жанады.
Желіге қосылу үші
н, те
лефон сымы емес, желі кабелі пайдаланылғанын тексеріңіз.
154
Бап 8 Мəселелерді шешу KKWW