HP TopShot LaserJet Pro M275 - User's Guide

Өнімнің қауіпсіздік мүмкіндіктері
Бұл өнім қауіпсіздікті сақтауға, желіңіздегі аса маңызды ақпаратты қорғауға жəне өнімді
бақылап, оған техникалық қызмет көрсету жолдарын жеңілдетуге көмектесетін қауіпсіздік
стандарттарын жəне ұсынылған протоколдарды қолдайды.
HP компаниясының қауіпсіздік бейнені өңдеу жəне басып шығару шешімдері жөнінде толық
ақпарат алу үшін
www.hp.com/go/secureprinting торабына барыңыз. Бұл торапта қауіпсіздік
мүмкіндіктері жөніндегі ақ беттерге жəне ЖҚС құжаттарына сілтемелер береді.
Өнімді құлыптау
1. Қауіпсіздік кабелін өнімнің артқы
жағындағы ұяға тағуға болады.
Өнім кілтсөзін орнату немесе өзгерту
HP енгізілген веб-серверін пайдаланып кілтсөзді орнатыңыз немесе желідегі өнімнің бұрыннан
бар кілтсөзін өзгертіңіз.
1. Өнімнің басқару тақтасындағы басты экранда Желі
түймешігін басып өнімнің IP
мекенжайын табыңыз.
2. HP енгізілген веб-серверін ашу үшін, веб-браузердің мекенжай жолына өнімнің IP
мекенжайын теріңіз.
ЕСКЕРІМ: HP енгізілген веб-серверіне Windows жүйесіне арналған HP құрылғының
құралдар жинағынан немесе Mac OS X жүйесіне арналған HP утилитасынан өтуге де
болады.
3. Жүйе қойындысын ашып, Product Security Өнім қауіпсіздігі») сілтемесін басыңыз.
ЕСКЕРІМ: Егер кілтсөз алдын ала орнатылған болса, сізге кілтсөзді теру ұсынылады.
Кілтсөзді енгізіп, Қолдану түймешігін басыңыз.
4. Кілтсөз жəне Кілтсөзді растау жолдарында жаңа құпия сөзді енгізіңіз.
5. Кілтсөзді сақтау үшін терезенің төменгі жағындағы Қолдану түймешігін басыңыз.
134
Бап 7 Басқару жəне күту KKWW