HP LaserJet Pro CP1020 - User Manual

Баспа картридждері мен бейнелеу барабандарын басқару
Баспа картриджін және бейнелеу барабанын сақтау
Баспа картриджі немесе бейнелеу барабанын пайдалануға дайын болғанда ғана орауышынан шығару
керек.
HP компаниясының HP емес жабдықтарға қатысты саясаты
HP компаниясы жаңа немесе қалпына келтірілген басқа компаниялардың баспа картридждерін және
бейнелеу барабандарын пайдалануды ұсынбайды.
ЕСКЕРТПЕ: HP емес лазерлік баспа картридждерін пайдалану
HP принтерінің өнімдерінде, HP емес тонер картриджін немесе бейнелеу барабанын, сондай-ақ қайта
толтырылған тонер картриджін пайдалану пайдаланушы кепілдігіне де, пайдаланушымен жасалған
кез келген HP қолдау келісіміне әсер етпейді. Алайда, өнім HP емес немесе қайта толтырылған тоне
р
картриджіне байланысты бұзылған немесе зақымданған болса, HP компаниясы сол бұзылуды немесе
зақымды жөндеу үшін стандартты уақыт пен материалдардың ақысын алады.
HP алаяқтық оқиғасын хабарлау жедел байланыс желісі мен веб торабы
HP баспа картриджін орнатып, жабдықтар күйі бетінің хабары картридждің НР компаниясы
шығармағанын көрсетсе, НР компаниясының айлакерлікпен күресу жедел байланыс телефоны
арқылы хабарлаңыз (1-877-219-3183, Солтүстік Америкада тегін) немесе
www.hp.com/go/
anticounterfeit сайтына өтіңіз. HP компаниясы картридждің шынайы екендігін анықтауға көмектеседі
және проблеманы шешу үшін шаралар қолданады.
Төмендегі сипаттар байқалса, картридж HP шығарған баспа картриджі болмауы мүмкін:
Жабдықтар күйі беті HP шығармаған жабдықтың орнатылғанын көрсетеді.
Баспа картриджін пайдаланғанда түрлі мәселер туындайды.
Картридж үйреншікті түрінен өзгеше (мысалы, қорап HP қорабынан өзгеше).
Жабдықтарды қайта пайдалану
Түпнұсқалы HP баспа картриджін немесе бейнелеу барабанын қайта өңдеу үшін қолданылған
жабдықты жеткізілген қорабына салыңыз. Пайдаланылған жабдықты HP компаниясына қайта
өңдеуге жіберу үшін ашылған қайтару жапсырмасын пайдаланыңыз. Толық ақпарат алу үшін әр жаңа
НР жабдығымен жеткізілетін қайта өңдеу жөніндегі нұсқаулықты қараңыз.
Баспа картриджінің суреті
1
2
1 Баспа картриджінің Е-белгісі
2 Пластмасса қаптама
KKWW Жабдықтар мен аксессуарларды басқару 77