HP LaserJet Pro CP1020 - User Manual
Жабдықтар мен аксессуарларды басқару
Баспа картриджін және бейнелеу барабанын дұрыс пайдалану, сақтау және күтімін жасау жоғары
сапамен басып шығаруға септігін тигізеді.
Баспа картриджі немесе бейнелеу барабаны күтілген жұмыс мерзімінің
соңына жеткенде басып шығару
Жабдық хабарлары
<Жабдық> деңгейі төмен хабары — бұл жерде <Жабдық> түсті баспа картриджін білдіреді:
Жабдықтың деңгейі төмен екенін өнім көрсетеді. Баспа картриджінің қалған нақты жұмыс мерзімі
әртүрлі болуы мүмкін. Баспа сапасы нашарлағанда, орнына салынатын баспа картриджін дайындап
қойыңыз. Жабдықты қазір ауыстырудың қажеті жоқ. Бұл сигнал тек <Жабдық> деңгейі өте төмен
параметрі Тоқтату күйіне орнатылғанда ғана к
өрсетіледі.
<Жа
бдық> деңгейі өте төмен хабары—мұндағы <Жабдық> — не түрлі-түсті баспа картриджі немесе
бейнелеу барабаны, не бірнеше баспа картриджінің және/немесе бейнелеу барабанының біріккен
түрін білдіреді: Жабдықтың деңгейі өте төмен екенін өнім көрсетеді. Баспа картриджінің қалған нақты
жұмыс мерзімі әртүрлі болуы мүмкін. Баспа сапасы нашарлағанда, орнына салынатын баспа
картриджін дайындап қойыңыз. Ж
а
рамдылығы аяқталуға жақын картриджді пайдаланғанда баспа
сапасына қатысты ақаулар пайда болуы мүмкін. Басып шығару сапасы жарамсыз болып кетпесе,
жабдықты қазір ауыстырудың қажеті жоқ.
HP баспа картриджі «өте төмен» деңгейге жеткенде, HP компаниясының қорғау кепілдігінің мерзімі
аяқталады. HP қорғау кепілдігі осы өнімнің баспа картриджін ғана қамтиды.
құрылғыдағы бейнелеу барабаны құрылғының кепілдігіне кіреді. Ауыстыруға арналған бейнелеу
бара
бандары орнатудан бастап бір жыл бойы кепілдікке жатады. Бейнелеу барабанының күтілген
қалған жұмыс мерзімінің 30% пайызы қалғанда оның орнатылған күні конфигурация және жабдық
күйі беттерінде көрсетіледі.
Деңгейі өте төмен параметрлерін қосу немесе өшіру
Кез келген уақытта әдепкі параметрлерді өзгертуге болады, сондай-ақ жаңа баспа картриджі
орнатылғанда параметрлерді қайта қосудың қажеті болмайды. Баспа картриджі Өте төмен деңгейде
жұмысты жалғастыру күйіне орнатылған болса, <Жабдық> өте төмен хабары көрсетіледі. HP баспа
картриджі «өте төмен» деңгейге жеткенде, HP компаниясының қорғау кепілдігінің мерзімі аяқталады.
1. Windows жүйесінің науасында Құрылғы параметрлері
белгішесін тінтуірдің оң жақ түймесімен
басып, өнім атын таңдаңыз.
2. Жүйе параметр жиекбелгісін басыңыз.
3. Деңгейі өте төмен ашылмалы тізімінен келесі опциялардың біреуін таңдаңыз:
●
Баспа картриджі деңгейінің өте төмен болғанын ескертіп, басуды жалғастыратын етіп
құрылғыны реттеу үшін Жалғастыру опциясын таңдаңыз.
●
Сигнал беріп, баспа картриджі ауыстырылғанша күтетін етіп құрылғыны реттеу үшін
Тоқтату опциясын таңдаңыз.
●
Ба
суды тоқтатып, баспа картриджін ауыстыруды ұсынатын етіп құрылғыны реттеу үшін
Ұсыну (әдепкі параметр) опциясын таңдаңыз. Ұсынысты қабылдап, басып шығаруды
жалғастыруға болады.
76 8-тарау Өнімді басқару және оған техникалық қызмет көрсету KKWW