HP LaserJet Pro CP1020 - User Manual
Үнемдеу параметрлері
Auto-On/Auto-Off (Авто қосу/авто өшіру) режимін орнату
Auto-On/Auto-Off (Авто қосу/авто өшіру) — осы өнімнің энергиясын үнемдейтін мүмкіндік.
Пайдаланушы орнатқан уақыт өткенде, өнім қуаттың тұтынылуын автоматты түрде азайтады. Түйме
басылғанда немесе басып шығару тапсырмасы алынғанда, өнім дайын күйіне оралады.
ЕСКЕРТПЕ: Өнімнің шамдары Auto-Off (автоматты өшіру) режимінде өшкенімен, өнім басып шығару
тапсырмасын алғанда бірқалыпты жұмыс істейді.
Auto-On/Auto-Off (Авто қосу/авто өшіру) параметрін өзгерту
Өнім Auto-Off (автоматты өшіру) режиміне кірмес бұрын, оның күту режимінде (Auto-Off кідірісі)
болатын уақыт өзгертуге болады. Өнімнің қосылуын туғызатын оқиғаларды да таңдауға болады.
1. Windows жүйесінің науасында Құрылғы параметрлері
белгішесін тінтуірдің оң жақ түймесімен
басып, өнім атын таңдаңыз.
2. Device Settings (Құрылғы параметрлері) түймесін түртіңіз.
3. AutoOFF after delay (Кідірістен кейін автоматты өшіру) түймесін түртіп, ашылмалы тізімнен
автоматты өшудің кідіріс уақытын таңдаңыз.
4. AutoON to these events (Осы оқиғалар кезінде автоматты қосу) тармағында керекті оқиғаларды
(қосымша) түртіңіз.
KKWW Үнемдеу параметрлері 75