HP LaserJet Pro CP1020 - User Manual

HP енгізілген веб-серверін пайдалану (желілік үлгілерде
ғана)
Бұл өнім өзі және желідегі қызметтер жөніндегі ақпаратпен қамтамасыз ететін енгізілген веб-
сервермен жабдықталған. Веб-сервер веб-бағдарламалар көп жағдайда бағдарламаларға
компьютерге іске қосылу ортасын қамтамасыз ететін Windows сияқты операциялық жүйемен бір әдісті
қолдана отырып, іске қосыла алатын ортаны қамтамасыз етеді. Бұл бағдарламалардан шыққан
деректер Microsoft Internet Explorer, Safari немесе Netscape Navigator сияқты веб-браузерінің көмегімен
көрсетілуі мүмкін.
«Енгізілген» веб-се
рвер а
қпараттық құралда (HP LaserJet құрылғысы сияқты) немесе енгізілген
бағдарламалық құралға орналастырылады, жүктелген бағдарламалық құралдан артықшылығы бар.
EWS артықшылығы болып желіге қосылған құрылғысы мен компьютері бар әркім пайдалана алатын
өнім интерфейсі болып табылады. Ол орнатуды немесе реттеуді қажет ететін арнайы бағдарламалық
құрал болып табылмайды, дегенмен, компьютерде қолдауы бар веб-браузер болуы тиіс. EWS
мүмкіндігіне қол же
ткізу үшін бр
аузердің мекенжай жолағына өнімнің IP мекенжайын теріңіз. IP
мекенжайын тауып алу үшін реттеу бетін басып шығарыңыз.
ЕСКЕРТПЕ: Mac амалдық жүйелерінде құрылғымен бірге жеткізілетін Mac бағдарламалық құралын
орнатқаннан кейін EWS мүмкіндігін USB байланысы арқылы пайдалануға болады.
Енгізілген НР веб-серверін ашу
HP енгізілген веб-серверін ашу үшін қолданылатын веб-браузердің мекенжай жолына IP мекенжайын
немесе өнімнің хост атауын теріңіз. IP мекенжайын тауып алу үшін реттеу бетін басып шығарыңыз.
«Принтер басымдықтары» терезесінің Қызметтер жиекбелгісіндегі Конфигурация бетін басып
шығару пәрменін таңдаңыз.
КЕҢЕС: URL (Universal Resource Locator - әмбепап ресурс орны) ашылғаннан кейін оған келешекте
оңай қайта оралу үшін оның бетбелгісін жасап қойсаңыз бол
ады.
Енгізілген HP веб-серверінің функциялары
Төмендегі кестеде енгізілген веб-серверінің негізгі көріністері сипатталған.
KKWW HP енгізілген веб-серверін пайдалану (желілік үлгілерде ғана)71