HP LaserJet Pro CP1020 - User Manual
Ақпараттық беттерді басып шығару
Төмендегі ақпарат беттерін басып шығаруға болады.
Бет Сипаттама
Конфигурация беті Құрылғы параметрлерінің тізімін басып шығарады.
Жабдықтың күй беті Жабдықтың күй бетінде мына ақпарат берілген:
●
Картридждің қалған қызмет мерзімінің шамаланған
пайыздық көрсеткіші
●
Баспа картридждері мен бейнелеу барабанының
кепілдік күйі
●
HP баспа картридждерінің бөлшек нөмірлері
●
Басылған бет саны
●
HP баспа картридждеріне тапсырыс беру және
пайдаланылған HP баспа картридждерін қайта
пайдалану туралы ақпарат
●
Күтілген жұмыс мерзімінің 30% пайызынан аз уақ
ыт
қа
лған жағдайда, бейнелеу барабанының қалған
күтілген жұмыс мерзімі мен орнатылған күні көрсетіледі.
Конфигурация бетін басып шығару
Конфигурациялау бетінде өнімнің ағымдағы параметрлері мен сипаттарының тізімі беріледі. Сондай-
ақ, онда күй журналы туралы есеп болады. Конфигурациялау бетін басып шығару үшін мына
әрекеттерді орындаңыз:
●
«Принтер басымдықтары» терезесінің Қызметтер жиекбелгісіндегі Конфигурация бетін басып
шығару пәрменін таңдаңыз.
●
Конфигурация және жабдық күйі беттерін басып шығару үшін Жалғастыру
түймесін екі-үш
секунд басып тұрыңыз (тек ағылшын тілінде).
Жабдықтар күйінің бетін басып шығару
Жабдықтар күйі бетін басып шығару үшін мына әрекеттерді орындаңыз:
●
«Принтер басымдықтары» терезесінің Қызметтер жиекбелгісіндегі Жабдық күйі бетін басып
шығару пәрменін таңдаңыз.
●
Конфигурация және жабдық күйі беттерін басып шығару үшін Жалғастыру
түймесін екі-үш
секунд басып тұрыңыз (тек ағылшын тілінде).
70 8-тарау Өнімді басқару және оған техникалық қызмет көрсету KKWW