HP LaserJet Pro CP1020 - User Manual

Түстер сәйкестігі
Пайдаланушылардың көбі үшін түстерді сәйкестендірудің ең жақсы әдісі болып sRGB түстерін басып
шығару табылады.
Принтер шығаратын түстерді компьютеріңіздің экранындағыға сәйкестендіру процессі кешенді болып
табылады, себебі принтерлер мен компьютеріңіздің мониторы түс өндірудің түрлі әдістерін
қолданады. Мониторлар түстерді RGB (қызыл-жасыл-көк) түс процессін пайдаланатын жарық
нүктелерін қолдану нәтижесінде көрсетіп, принтерлер болса, түстерді CMYK (көгілдір, қызыл, сары
және қара) пр
оцессін па
йдалана отырып басып шығарады.
Басылып шығарылатын түстерді мониторыңыздағы түстерге сәйкестендіруге әсер етуі мүмкін
көптеген жайттар бар:
Баспа құралы
Баспа бояғыштары (мысалы, сия немесе тонер)
Баспа процессі (мысалы, сиямен, басу немесе лазерлік технология)
Жоғары жарық
Түстерді ажырата алудың жеке бас ерекшеліктері
Бағдарламалық құрал
Принтер драйверлері
Компьютердің операциялық жүйелері
Мониторлар
Бейн
е ка
ртасы және драйверлері
Жұмыс ортасы (мысалы, ылғалдылық)
Мониторыңыздағы түстер басылып шығарылған түстерге толықтай сәйкес келмеген жағдайда осы
жайттарды есте сақтаңыз.
KKWW Түстер сәйкестігі 67