HP LaserJet Pro CP1020 - User Manual

3. Түсті жиекбелгісін басыңыз.
4. Автоматты немесе Қолмен параметрін таңдаңыз.
Автоматты параметрі: Осы параметрді басып шығару тапсырмаларының көбіне таңдаңыз
Қолмен параметрі: Түс параметрлерін өзге параметрлерден бөлек реттеу үшін осы
параметрді таңдаңыз.
ЕСКЕРТПЕ: Түс параметрлерін қолмен өзгерту шығару жұмысына әсер етуі мүмкін. HP
компаниясы бұл параметрлерді тек түс графикасы мамандары өзгертуін ұсынады.
5. Түрлі түсті құжатты қара және сұр түстің реңдерінде басып шығару үшін Сұр шкаламен басып
шығару опциясын басыңыз. Түрлі түсті құжаттарды фотокөшірме немесе факс үшін басып
шығаруға осы опцияны пайдаланыңыз. Бұған қоса, бұл опцияны алғашқы нұсқа көшірмелерін
басып шығару немесе түс тонерін үнемдеу үшін пайдалануға болады.
6. OKтүймесін басыңыз.
Қолмен реттелетін түс опциялары
Мәтін, графика және фотосуреттер үшін Neutral Grays (Бейтарап Сұр түстер), Halftone (Орта өң) және
Edge Control (Жиектерді Түзету) опциялары үшін қолмен реттелетін түс опцияларын пайдаланыңыз.
Кесте 7-1 Қолмен реттелетін түс опциялары
Параметр сипаттамалары Параметр опциялары
Жиектерді Түзету
Edge Control (Жиекті басқару) параметрі жиектердің
бейнеленуін анықтайды. Жиектерді Түзету опциясы
екі компоненттен тұрады: бейімделгіш жартылай
реңктеу және түстерді қамту. Бейімделгіш жартылай
реңктеу жиектің айқындығын өсіреді. Түстерді
қамту көршілес нысандардың жиектерін аздап
қамту нәтижесінде түсті ауытқу әсерін азайтады.
Off (Өшіру) түстерді қамту және бейімделгіш жартылай
реңктеудің екеуін де өшіреді.
Light (Ашық) параметрі тү
сті қабаттастырып келтіру деңгейін ең
төменгі мәнге орнатады. Бейімделгіш жартылай реңктеу қосулы.
Normal (Қалыпты) түс қамтылуын орташа мәнге келтіреді.
Бейімделгіш жартылай реңктеу қосулы.
Maximum (Ең көп) барынша агрессивті түспен қамту параметрі
болып табылады. Бейімделгіш жартылай реңктеу қосулы.
KKWW Түсті реттеу 65