HP LaserJet Pro CP1020 - User Manual
Түсті реттеу
Принтер драйверінің Color (Түс) қойындысындағы параметрлерді өзгертіп, түсті реттеңіз.
Басып шығару тапсырмасы үшін түс тақырыбын өзгерту
1. Бағдарламадағы File (Файл) мәзірінен Print (Басып шығару) командасын басыңыз.
2. Properties (Қасиеттері) немесе Preferences (Артықшылықтары) тармағына шертіңіз.
3. Color (Түс) жиекбелгісін басыңыз.
4. Color Themes (Түс тақырыптары) ашылмалы тізімінен түс тақырыбын таңдаңыз.
●
Default (sRBG) (Әдепкі (sRGB)): Бұл тақырып арқылы өнімді реттеп, RGB деректерін
өңделмеген түрде басып шығаруға болады. Бұл тақырыпты пайдаланғанда дұрыс
көрсетілуі үшін түсті бағдарламалық құралда немесе амалдық жүйеде басқару керек.
●
Vivid (Жарқын): Өнім орташа өңдердегі түс қанықтығын арттырады. Бұл тақырыпты іскери
сызбаларды басып шығару барысында пайдаланыңыз.
●
Photo (Фото): Өнім RGB түсін сандық шағын зертханада басылып шыққан фотос
урет ретінде
бейнелейді. Өнім Default (sRBG) (Әдепкі (sRGB)) тақырыбымен салыстырғанда терең, қанық
түстерді бейнелейді. Фотосуреттерді басып шығару кезінде осы тақырыпты пайдаланыңыз.
●
Photo (Adobe RGB 1998):Фотосурет (Adobe RGB 1998) sRGB қарағанда AdobeRGB түс кеңістігін
пайдаланатын сандық фотосуреттерді басып шығарғанда осы тақырыпты пайдаланыңыз.
Бұл параметрді пайдаланғанда бағдарламалық құралдағы түсті реттейтін функцияны
өшіріп тастаңыз.
●
None (Ешқайсысы): Ешбір түс тақырыбы қолданылмады.
Түс опцияларын өзгерту
Ағымдағы басып шығару тапсырмасы үшін түс опцияларының параметрлерін принтер драйверінің түс
жиекбелгісінен өзгертіңіз.
1. Бағдарламадағы File (Файл) мәзірінен Print (Басып шығару) командасын басыңыз.
2. Properties (Қасиеттері) немесе Preferences (Артықшылықтары) тармағына шертіңіз.
64 7-тарау Түсті KKWW