HP LaserJet Pro CP1020 - User Manual
Windows жүйесінде арнаулы қағаз өлшемін таңдау
1. Бағдарламадағы Файл мәзірінен Басып шығару пәрменін таңдаңыз.
2. Өнімді таңдап, Сипаттар немесе Басымдықтар түймесін басыңыз.
3. Қағаз/сапа жиекбелгісін басыңыз.
4. Бейімделген түймесін басыңыз.
5. Арнаулы өлшемнің атын теріп, өлшемдерді көрсетіңіз.
●
Ені — қағаздың қысқа шеті.
●
Ұзындығы — қағаздың ұзын шеті.
ЕСКЕРТПЕ: Науаларға алдымен қағаздың қысқа шетін салыңыз.
6. Сақтау түймесін, одан кейін Жабу түймесін басыңыз.
Windows жүйесінде қағаз түрін таңдау
1. Бағдарламадағы Файл мәзірінен Басып шығару пәрменін таңдаңыз.
2. Өнімді таңдап, Сипаттар немесе Басымдықтар түймесін басыңыз.
3. Қағаз/сапа жиекбелгісін басыңыз.
4. Түрі ашылмалы тізімнен Қосымша... опциясын таңдаңыз.
5. Қолданылатын қағаз түріне сәйкес келетін санатты таңдап, қолданыстағы қағаз түрін түртіңіз.
Windows жүйесімен екі жағына басып шығару (дуплекс)
Қолмен екі жағына басып шығару
1. Қағаздың бетін кіріс науасына жоғары
қаратып салыңыз.
KKWW Windows жүйесіндегі негізгі баспа тапсырмалары 49