HP LaserJet Pro CP1020 - User Manual
Қағаз бен баспа құралдарын пайдалану туралы
Бұл өнім түрлі қағаз және басқа да баспа құралын осы пайдаланушы нұсқаулығындағы нұсқауларға
сай қолдайды. Осы нұсқауларға сай келмейтін қағаз немесе баспа құралы өнімдегі нашар баспа
сапасын, кептелістердің көптігін және оның уақытынан бұрын істен шығуын тудырады.
Ең жоғары нәтиже алу үшін, тек қана НР сауда белгісімен шыққан қағазды және лазерлі принтерлерге
арналған немесе әм
бебап ба
спа құралдарды пайдаланыңыз. Сиялы принтерлерге арналған қағаз бен
баспа құралдарын пайдаланбаңыз. HP компаниясы басқа компаниялардың баспа құралдарын
пайдалануды ұсынбайды, себебі HP олардың сапасын бақылай алмайды.
Кейбір жағдайларда тіпті талаптарға сай келетін қағазға басып шығарған кезде де басып шығару
сапасының қанағаттанарлықсыз болуы байқалады. Мұндай қиындық арқауды дұрыс қолданбаудың,
қолайсыз температура мен ылғалдылық жағдайында пайдаланудың, со
н
дай-ақ HP компаниясының
бақылауы мүмкін емес басқа да мән-жайлардың салдарынан орын алуы мүмкін.
ЕСКЕРТУ: HP белгілеген талаптарға сай келмейтін қағазды немесе баспа құралын пайдалану өнімде
проблемалар тудырып, оны жөндеу қажет болуы мүмкін. Мұндай жөндеуге HP компаниясының
кепілдігі немесе техникалық қызмет көрсету туралы келісімі қолданылмайды.
Қағаз жайында арнайы нұсқаулар
Бұл өнім арнайы баспа құралында басып шығаруды қолдайды. Қанағаттанарлық нәтижелерге қол
жеткізу үшін келесі нұсқауларды пайдаланыңыз. Арнайы қағаз немесе баспа құралын пайдаланғанда
өте жақсы нәтижелерге қол жеткізу үшін принтер драйверінде қағаз түрі мен өлшемін орнатуды
ұмытпаңыз.
ЕСКЕРТУ: HP LaserJet өнімдері тонер бөлшектерін қағазға өте нақты нүктелерде қою үшін
термобекіткіштерді пайдаланады. HP лазерлі қағазы осы қатты ыстыққа төз
і
мді етіп жасақталған.
Сиялы қағазды пайдалану өнімге зақым келтіреді.
Баспа түрі Жасау Жасамау
Конверттер
●
Конверттерді жатқызып сақтаңыз.
●
Тігісі бұрышына дейін баратын
конверттерді пайдаланыңыз.
●
Лазерлі принтерлерге пайдалануға
мақұлданған алынбалы жабысқақ
таспаларды ғана қолданыңыз.
●
Умаждалған, қиылған, жабысып
қалған немесе өзгедей
зақымдалған конверттерді
пайдаланбаңыз.
●
Қысқылары, ілмешегі, тесігі немесе
астары бар конверттерді
пайдаланбаңыз.
●
Өзі жапсырылатын желімді немесе
басқа синтетикалық
материалдарды қолданбаңыз.
Жапсырмалар
●
Араларында қорғау астары бар
жапсырмаларды пайдаланбаңыз.
●
Тегіс орнал
асқан жа
псырмаларды
пайдаланыңыз.
●
Затбелгілердің тек толық парағын
ғана пайдаланыңыз.
●
Умаждалған немесе көпіршікті
немесе зақымдалған затбелгілерді
пайдаланбаңыз.
●
Жапсырмалардың жарты бетін
басып шығармаңыз.
34 5-тарау Қағаз және баспа құралы KKWW