HP LaserJet Pro CP1020 - User Manual
●
WEP (Сымды желілерді қорғауға ұқсас қауіпсіздік): WEP протоколы 802.11 стандартындағы
бастапқы қауіпсіздік механизмі. Басқа пайдаланушылар желіге кірместен қамтамасыз ететін он
алты немесе әріптік-сандық таңбадан тұратын бірегей кілт жасалады.
●
WPA (Wi-Fi жүйесінің қорғалған қолдануы): WPA протоколы шифрлау үшін уақытша кілттердің
тұтастық протоколын (TKIP) және 802.1X куәландыруын қолданады. Бұл WEP протоколының
бүкіл белгілі әлсіз жақтарына қолданылады. Басқа пайдаланушылар желіге кірместен
қамтамасыз ететін әр
іптер мен са
ндар комбинациясынан тұратын бірегей құпия сөз тіркесі
жасалады.
●
WPA2 протоколы AES (жетілдірілген шифрлау стандарты) стандартын қамтамасыз етеді, сондай-
ақ WPA протоколына жасалған жақсарту болып табылады.
Өнімді арнайы сымсыз желіде орнату
Өнімді компьютерге пирингті (арнайы) орнатым арқылы сымсыз жолмен жалғауға болады.
ЕСКЕРТПЕ: Бұл тапсырманы орындау үшін, желі кабелінің көмегімен өнімді уақытша желіге жа
лғау
ке
рек.
1. Желі кабелін өнімге, одан кейін желіге жалғаңыз.
2. Жалғастырмас бұрын 60 секунд күтіңіз. Бұл уақыт барысында желі өнімді анықтап, ол үшін IP
мекенжайын немесе хост атын тағайындайды.
3. Реттеу және жабдық күйі беттерін басып шығару үшін Жалғастыру
түймесін екі-үш секунд
басып тұрыңыз.
4. Конфигурация бетінен IP мекенжайын табыңыз.
5. Веб-браузерді ашып, мекенжай жолына IP мекенжайын теріңіз. Ішіне орнатылған HP веб-сервері
ашылады.
6. Желіге қосылу қойындысын түртіп, сол жақ панельден Wireless Configuration (Сымсыз
конфигурация) сілтемесін таңдаңыз.
7. Сымсыз байланыс орнату мүмкіндігін қосу үшін, опцияны таңдап, одан кейін желі кабелін
ажыратыңыз.
8. Конфигурация әдісі аумағында Create a new Ad hoc wireless network (peer-to-peer) (Жа
ңа
арнайы сымсыз желі (бір дәрежелік) жасау) опциясын таңдаңыз.
9. Бірегей желі атын беріңіз, арнаны таңдаңыз және қолданылатын қауіпсіздік түрін таңдаңыз.
10. Қолдану түймесін басыңыз.
Желі параметрлерін реттеу
Желі параметрлерін көру немесе өзгерту
Енгізілген веб-серверін IP конфигурациялау параметрлерін көру немесе өзгерту үшін пайдаланыңыз.
1. Конфигурациялау бетін басып шығарып, IP мекенжайын табыңыз.
●
Егер сіз IPv4 пайдаланып отырған болсаңыз, IP адресі тек сандардан тұрады. Ол келесідей
қалыпта болады:
KKWW Желіге қосу (желілік үлгілерде ғана)31