HP LaserJet Pro CP1020 - User Manual
1. Сымсыз маршрутизатордағы «WPS» түймесін басыңыз.
2. Өнімнің басқару панеліндегі Сымсыз
түймесін екі секунд басып тұрыңыз. «Сымсыз байланыс»
шамы жыпылықтағанша түймені басып тұрыңыз.
3. Өнім сымсыз маршрутизатормен байланыс орнатқанша екі минут күтіңіз.
ЕСКЕРТПЕ: Бұл әдіс көмектеспесе, USB кабелі арқылы сымсыз желінінің параметрлерін пайдаланып
көріңіз.
Өнімді сымсыз желіге USB кабелі арқылы жалғаңыз.
Егер сымсыз маршрутизатор WPS (WiFi жүйесінің қорғалған орнатуы) стандартын қолдамаса, өнімді
сымсыз желіде баптау үшін осы әдісті пайдаланыңыз. Параметрлерді тасымалдау үшін USB кабелін
пайдалану сымсыз байланыстың бапталуын жеңілдетеді. Баптау жұмысы аяқталғаннан кейін USB
кабелін ажыратып, сымсыз байланысты пайдалануға болады.
1. Бағдарламалық құралды дискісін компьютердің дискіжетегіне салыңыз.
2. Экрандағы нұсқауларды орындаңыз. Ұсынылған кезде Сымсыз желі арқылы қосылу опциясын
таңдаңыз. Ұс
ын
ылған кезде өнімге USB кабелін жалғаңыз.
ЕСКЕРТУ: Орнату бағдарламасы ұсынбастан USB кабелін жалғамаңыз.
3. Орнату аяқталған кезде өнімнің SSID атауы бар екенін тексеру үшін конфигурация бетін басып
шығарыңыз.
4. Орнату аяқталған кезде USB кабелін ажыратыңыз.
Қазіргі уақытта желідегі сымсыз өнім үшін бағдарламалық құралды орнату
Өнімнің сымсыз желіде бұрыннан IP мекенжайы болып, компьютерге өнімнің бағдарламалық құралын
орнату керек болса, келесі қадамдарды орындаңыз.
1. Өнімнің IP мекенжайын алу үшін өнімнің басқару панелінен конфигурация бетін басып
шығарыңыз.
2. Бағдарламалық жасақтаманы ықшам дискіден орнатыңыз.
3. Экрандағы нұсқауларды орындаңыз.
4. Ұсынылғанда Сымсыз желі арқылы қосылу опциясын таңдап, одан кейін Келесі түймесін
басыңыз.
5. Қол жетімді принтерлер тізімінен IP м
екенжайы дұрыс болатын принтерді таңдаңыз.
Сымсыз желіден ажырату
Егер сіздің өнімді сымсыз желіден ажыратқыңыз келсе, өнімдегі сымсыз құрылғыны өшіруге болады.
1. Өнімнің басқару панеліндегі Сымсыз
түймесін басып, жіберіңіз.
2. Сымсыз құрылғының өшірілгенін тексеру үшін конфигурация бетін басып, конфигурация бетіндегі
күйдің өшірілген болып көрсетілгенін тексеріңіз.
Сымсыз желідегі кедергіні азайту
Келесі кеңестер сымсыз желідегі кедергілерді азайтуы мүмкін:
28 4-тарау Өнімді жалғау KKWW