HP LaserJet Pro CP1020 - User Manual

3. Реттеу және жабдық күйі беттерін басып шығару үшін Жалғастыру түймесін екі-үш секунд
басып тұрыңыз.
4. Конфигурация есебінен IP мекенжайын табыңыз.
LASERJET PROFESSIONAL
Бағдарламалық құралды орнату
1. Компьютердегі барлық бағдарламалардан шығыңыз.
2. Бағдарламалық жасақтаманы ықшам дискіден орнатыңыз.
3. Бейнебетте көрсетілген нұсқауларды орындаңыз.
4. Ұсынылғанда Сымды желі арқылы қосылу опциясын таңдап, одан кейін Келесі түймесін
басыңыз.
5. Бар принтерлер тізімінен IP мекенжайы дұрыс болатын принтерді таңдаңыз.
6. Аяқтаутүймесін басыңыз.
7. Қосымша опциялар экранында қосымша бағдарламалық құрал орнатуға немесе Аяқтау
түймесін басуға болады.
8. Басып шы
ғаратын бағ
дарламалық құрал дұрыс орнатылғанын тексеру үшін кез келген
бағдарламадан бір бетті басып шығарыңыз.
Құрылғыны сымсыз желіде орнату
Өнімнің бағдарламалық құралын орнатпай тұрып, өнім желіге желі кабелі арқылы жалғанбағанын
тексеріңіз.
Егер сымсыз маршрутизатор WPS (WiFi жүйесінің қорғалған орнатуы) стандартын қолдамаса, жүйе
әкімшісінен сымсыз маршрутизатор желісінің параметрлерін алыңыз немесе келесі тапсырмаларды
орындаңыз:
Сымсыз желі атауын немесе SSID (қызметтер жиынтығының ұқсатқышы) алыңыз.
Сымсыз желі үшін қауіпсіздік кілтсөзін немесе шифрлау кілтін анықтаңыз.
WPS стандарты арқылы өнімді сымсыз желіге жалғау
Егер сымсыз маршрутизатор WPS (Wi-Fi жүйесінің қорғалған орнатуы) стандартын қолдаса, бұл
өнімді сымсыз желіге орнатудың ең қарапайым жолы.
KKWW Желіге қосу (желілік үлгілерде ғана)27