HP LaserJet Pro CP1020 - User Manual
USB арқылы қосу
Бұл өнім USB 2.0 байланысын қолдайды. A-B түріне жататын USB кабельді пайдаланыңыз. HP
компаниясы USB кабельдің 2 метр ұзын болмауын ұсынады.
ЕСКЕРТУ: Орнату бағдарламасы қосуды ұсынғанша USB кабелін қоспаңыз.
Орнату ықшам дискісі
1. Компьютердегі барлық бағдарламалардан шығыңыз.
2. Бағдарламалық құралды ықшам дискісінен орнатып, экрандағы нұсқауларды орындаңыз.
3. Ұсынылғанда Осы компьютерге USB кабелі арқылы тікелей қосылу опциясын таңдап, одан
кейін Келесі түймесін басыңыз.
4. Бағдарлама ұсынғанда, USB кабелін өнім мен компьютерге жалғаңыз.
5. Орнатудың соңында Аяқтау түймесін басыңыз.
6. Қосымша опциялар экранында қосымша бағдарламалық құрал орнатуға немесе Аяқтау
түймесін басуға болады.
7. Басып шығаратын бағдарламалық құрал дұрыс орнатылғанын тексеру үшін кез келген
бағдарламадан бір бетті басып шығарыңыз.
KKWW USB арқылы қосу 25