HP LaserJet Pro CP1020 - User Manual

Mac амалдық жүйесінде қағаздың бір парағында бірнеше бетті басып
шығару
1. Файл мәзіріндегі Басып шығару опциясын таңдаңыз.
2. Драйверді таңдаңыз.
3. Орналасуы мәзірін ашыңыз.
4. Бет/парақ мәзірінен әр параққа басып шығарылуы қажет бет санын таңдаңыз (1, 2, 4, 6, 9 немесе
16).
5. Орналасудың бағыты аймағында парақтағы беттер реті мен орнын таңдаңыз.
6. Жиектер мәзірінен әр парақтың айналасында басылатын жиек түрін таңдаңыз.
Mac жүйесінде парақтың екі жағына басып шығару (дуплекс)
1. Науалардың біріне басып шығару тапсырмасына жететіндей етіп қағаз салыңыз.
2. Файл мәзірінен Басып шығару опциясын таңдаңыз.
3. Орналасуы мәзірін ашып, Қолмен дуплекстеу қойындысын немесе Қолмен дуплекстеу мәзірін
ашыңыз.
4. Қолмен дуплекстеу өрісін басып, біріктіру опциясын таңдаңыз.
5. Басып шығару түймесін басыңыз. Буманың екінші жартысын басып шығаруда 1-науадан шыққан
буманы алмастырмас бұрын, компьютер экранына шыққан қалқымалы те
резедегі нұсқауларды
орындаңыз.
6. Өнімге өтіп, 1-науадағы қандай да бір бос парақтарды алып тастаңыз.
7. Басып шығарылған қағаз дестесін шығыс науасынан шығарып алыңыз, содан кейін қағаздың
бағытымен оның басып шығарылған бетін төмен қаратып кіріс науасына салыңыз.
8. Компьютерден тапсырманың екінші жағын басып шығару үшін Жалғастыру түймесін басыңыз.
Құрылғының Жалғастыру
түймесін басыңыз.
Mac жүйесімен түс опцияларын орнату
Түстердің бағдарламалық құралдармен қалай жеткізіліп, басылып шығарылатындығын басқару үшін,
Түс опциялары мәзірін немесе Түс/сапа опциялары мәзірін пайдаланыңыз.
KKWW Mac амалдық жүйесінде басып шығару 21