HP LaserJet Pro CP1020 - User Manual

Mac амалдық жүйесінде басып шығарудың алдын ала белгіленген
параметрлерін жасап, пайдалану
Қайта пайдалану мақсатымен принтер драйверлерінің ағымдағы параметрлерін сақтау үшін, басып
шығарудың алдын ала орнатылған мәндерді пайдаланыңыз.
Басып шығарудың алдын ала орнатылған мәндерін жасау
1. Файл мәзіріндегі Басып шығару опциясын таңдаңыз.
2. Драйверді таңдаңыз.
3. Қайта пайдалану қажет басып шығару параметрлерін таңдаңыз.
4. Алдын ала белгіленген параметрлер мәзірінен ...түрінде сақтау опциясын таңдап, алдын ала
орнату ат
ауын те
ріңіз.
5. OK түймесін басыңыз.
Басып шығарудың алдын ала орнатылған мәндерін пайдалану
1. Файл мәзіріндегі Басып шығару опциясын таңдаңыз.
2. Драйверді таңдаңыз.
3. Алдын ала белгіленген параметрлер мәзірінен басып шығарудың алдын ала белгіленген
параметрін таңдаңыз.
ЕСКЕРТПЕ: Принтер драйверінің стандартты параметрлерін пайдалану үшін стандартты опциясын
таңдаңыз.
Mac амалдық жүйесінде мұқаба бет басып шығару
1. Файл мәзіріндегі Басып шығару опциясын таңдаңыз.
2. Драйверді таңдаңыз.
3. Мұқаба мәзірін ашып, мұқаба бет басып шығарылатын жерді таңдаңыз. Құжаттан бұрын немесе
Құжаттан кейін түймешігін басыңыз.
4. Мұқаба түрі мәзірінен мұқаба бетте басып шығару қажет хабарды таңдаңыз.
ЕСКЕРТПЕ: Бос мұқаба бетті басып шығару үшін Мұқаба түрі мәзірінен стандартты опциясын
таңдаңыз.
20 3-тарау Өнімді Mac компьютерімен пайдалану KKWW