HP LaserJet Pro CP1020 - User Manual
Mac компьютеріне арналған бағдарламалық құрал
Mac жүйесі үшін қолдау көрсетілетін операциялық жүйелер
Өнім төмендегі Mac операциялық жүйелерді қолдайды:
●
Mac OS X 10.5, 10.6 және кейінгі нұсқалары
ЕСКЕРТПЕ: Mac OS X 10.5 және одан кейінгі нұсқалары үшін PPC және Intel® Core™ Processor Mac
жүйелеріне қолдау бар. Mac OS X 10.6 үшін Intel Core Processor Macs пайдалануға болады.
Mac жүйесіне арналған қолдау көрсетілетін принтер драйверлері
HP LaserJet бағдарламалық құралын орнату бағдарламасы Mac OS X компьютерлерінде пайдалану
үшін PostScript
®
принтер сипаттамалары (PPD) файлдарын және принтердің диалог кеңейтімдерін
(PDEs) береді. Өнімнің принтер драйверлерімен бірге HP принтерінің PPD және PDE файлдары басып
шығарудың толық функционалдық мүмкіндіктерін және арнайы HP принтерінің мүмкіндіктерін
қамтамасыз етеді.
Mac амалдық жүйелеріне арналған бағдарламалық құралды орнату
Өнімге тікелей қосылған Mac компьютерлеріне бағдарламалық құралды орнату
Бұл өнімде USB 2.0 байланысы бар. A-B түріне жататын USB кабельді пайдаланыңыз. HP компаниясы
USB кабельдің 2 метр ұзын емес болуын ұсынады.
1. Өнім мен компьютерге USB кабелін жалғаңыз.
2. Бағдарламалық жасақтаманы ықшам дискіден орнатыңыз.
3. HP орнату бағдарламасының белгішесін басып, бейнебеттегі нұсқауларды орындаңыз.
4. Құттықтау экранында OK түймешігін басыңыз.
5. Басып шығаратын бағдарламалық құрал дұрыс орнатылғанын тексеру үшін кез келген
бағдарламадан бір бетті басып шығарыңыз.
14 3-тарау Өнімді Mac компьютерімен пайдалану KKWW