HP LaserJet Pro CP1020 - User Manual

USB кабелімен жалғанған кезде, драйвер таңдалған соң, өнім баспа және
факс тізімінде көрсетілмейді.
Бағдарламалық құралға қатысты ақаулықтарды түзету
Mac амалдық жүйесінің Mac OS X 10.5 немесе одан кейінгі нұсқа екенін тексеріңіз.
Аппараттық құралға қатысты ақаулықтарды түзету
1. Өнімнің қосылғанын тексеріңіз.
2. USB кабелінің дұрыс жалғанғанын тексеріңіз.
3. Сәйкес жоғары жылдамдықты USB кабелін пайдаланып отырғаныңызды тексеріңіз.
4. Тізбектен қуат алатын USB құрылғыларының тым көп болмауын қамтамасыз етіңіз. Барлық
құрылғыларды тізбектен ажыратып, кабельді тікелей компьютердегі USB портына қо
сыңыз.
5. Ек
іден артық қуатсыз USB хабтарының тізбекте бір қатармен қосылғанын тексеріңіз. Барлық
құрылғыларды тізбектен ажыратып, кабельді тікелей компьютердегі USB портына қосыңыз.
ЕСКЕРТПЕ: iMac пернетақтасы қуатсыз USB хабы болып табылады.
USB қосылымын пайдаланған кезде жалпы принтер драйверін қолданасыз
Егер бағдарламалық құралды орнатпастан бұрын USB кабеліне қосылсаңыз, осы өнімге арналған
драйвердің орнына жаплы принтер драйверін пайдалануыңыз мүмкін.
1. Жалпы принтер драйверін жойыңыз.
2. Бағдарламалық құралды өнімнің ықшам дискісінен қайта орнатыңыз. USB кабелін
бағдарламалық құралдың орнатым бағдарламасы сұрамайынша қоспаңыз.
3. Егер бірнеше принтер орнатылса, Format for (Пішімдеу) ашылмалы мәзірінен Print (Басып
шығару) тілқатысу терезесіндегі дұрыс принтер таңдағанын тексеріңіз.
KKWW Mac жүйесінде жиі кездесетін ақаулықтарды жою 125