HP LaserJet Pro CP1020 - User Manual
Mac жүйесінде жиі кездесетін ақаулықтарды жою
●
Принтер драйвері баспа және факс тізімінде тізімделмеген.
●
Өнім атауы өнім тізіміндегі баспа және факс тізімінде көрсетілмейді.
●
Принтер драйвері баспа және факс тізіміндегі таңдалған өнімді автоматты түрде орнатпайды.
●
Баспа тапсырмасы қажет өнімге жіберілмеді.
●
USB кабелімен жалғанған кезде, драйвер таңдалған соң, өнім баспа және факс тізімінде
көрсетілмейді.
●
USB қосылымын пайдаланған кезде жалпы принтер драйверін қолданасыз
Принтер драйвері баспа және факс тізімінде тізімделмеген.
1. Өнімнің .GZ файлының төмендегі қатты диск папкасында екеніне көз жеткізіңіз: Library/
Printers/PPDs/Contents/Resources. Қажет болса, бағдарламалық құралды қайта
орнатыңыз.
2. Егер GZ файлы қалтада болса, онда PPD файлы зақымдалған болуы мүмкін. Файлды жойып,
бағдарламалық құралды қайта орнатыңыз.
Өнім атауы өнім тізіміндегі баспа және факс тізімінде көрсетілмейді.
1. Кабельдердің дұрыс жалғанғанын және өнімнің қосылғанын тексеріңіз.
2. Өнімнің атауын тексеру үшін конфигурациялық бетті басып шығарыңыз. Конфигурациялау
бетіндегі атаудың баспа және факс тізіміндегі атауға сәйкес келетінін тексеріңіз.
3. USB немесе желі кабелін жоғары сапалы кабельмен алмастырыңыз.
Принтер драйвері баспа және факс тізіміндегі таңдалған өнімді автоматты
түрде орнатпайды.
1. Кабельдердің дұрыс жалғанғанын және өнімнің қосылғанын тексеріңіз.
2. Өнімнің .GZ файлының төмендегі қатты диск папкасында екеніне көз жеткізіңіз: Library/
Printers/PPDs/Contents/Resources. Қажет болса, бағдарламалық құралды қайта
орнатыңыз.
3. Егер GZ файлы қалтада болса, онда PPD файлы зақымдалған болуы мүмкін. Файлды жойып,
бағдарламалық құралды қайта орнатыңыз.
4. USB немесе желі кабелін жоғары сапалы кабельмен алмастырыңыз.
Баспа тапсырмасы қажет өнімге жіберілмеді.
1. Басып шығару кезегін ашып, басып шығару тапсырмасын іске қосыңыз.
2. Атауы бірдей немесе ұқсас басқа өнім басып шығару тапсырмасын алған болуы мүмкін. Өнімнің
атауын тексеру үшін конфигурациялық бетті басып шығарыңыз. Конфигурациялау бетіндегі
атаудың баспа және факс тізіміндегі атауға сәйкес келетінін тексеріңіз.
124 9-тарау Мәселелерді шешу KKWW