HP LaserJet Pro CP1020 - User Manual

Компьютердің өніммен байланысуы мүмкін емес.
1. Желіні сынақтан өткізу арқылы желі байланысын тексеріңіз.
а. Компьютерде пәрмен жолы терезесін ашыңыз. Windows жүйесі үшін Start (Бастау)
түймешігін басып, Run (Іске қосу) пәрменін таңдап, cmd деп теріңіз.
ә. Өнім үшін IP мекенжайынан кейін келетін ping ақпаратын енгізіңіз.
б. Егер терезе айналым уақытын көрсетсе, желі жұмыс істейді.
2. Егер ақпарат жіберу командасы орындалмаса, же
лілік ха
бтардың қосулы екенін тексеріңіз, содан
кейін желі параметрлерінің, өнімнің және компьютердің бір желіге конфигурацияланғанын
тексеріңіз.
Өнім желі үшін дұрыс емес сілтеме және дуплекс параметрлерін пайдалануда
HP бұл параметрді автоматты режимде қалдыруды ұсынады (стандартты параметр). Егер осы
параметрлерді өзгертсеңіз, оларды желі үшін де өзгерту қажет.
Жаңа бағдарламалық құралдар үйлесімді ақаулықтарды тудыруы мүмкін.
Жаңа бағдарламалық құралдардың дұрыс орнатылғанын және олардың дұрыс принтер драйверін
қолданатындығын тексеріңіз.
Компьютеріңіз немесе жұмыс компьютеріңіз дұрыс орнатылмаған.
1. Желілік драйверлерді, принтер драйверлерін және желі бағытын тексеріңіз.
2. Операциялық жүйенің дұрыс конфигурацияланғанын тексеріңіз.
Өнім ажыратылған немесе басқа желі параметрлері дұрыс емес.
1. Желі протокол күйін тексеру үшін конфигурациялау бетін қайтадан қарап шығыңыз. Қажет
болған жағдайда оны қосыңыз.
2. Қажет болса желі параметрлерін қайтадан теңшеңіз.
KKWW Жалғауға қатысты мәселелер 119