HP LaserJet Pro CP1020 - User Manual

Жалғауға қатысты мәселелер
Тікелей жалғау ақаулықтарын түзету
Егер сіз өнімді компьютерге тікелей қоссаңыз, кабельді тексеріңіз.
Кабель компьютерге және өнімге жалғанғандығын тексеріңіз.
Кабельдің ұзындығы 5 м аспайтынын тексеріңіз. Қысқалау кабельді пайдаланып көріңіз.
Кабельдің дұрыс жұмыс істейтінін басқа бір өнімге қосып тексеріңіз. Қажет болса, кабельді
ауыстырыңыз.
Желілік ақаулықтарды түзету
Өнімнің желімен байланысып тұрғанына көз жеткізу үшін төмендегі тармақтарды тексеріңіз. Бастамас
бұрын, өнімнің басқару панелінен конфигурация бетін басып шығарып, осы бетте тізімделген өнімнің
IP мекенжайын табыңыз.
Төмен физикалық байланыс
Компьютер өнім үшін дұрыс емес IP мекенжайын қолдануда
Компьютердің өніммен байланысуы мүмкін емес.
Өнім желі үшін дұрыс емес сілтеме және дуплекс параметрлерін пайдалануда
Жаңа бағдарламалық құралдар үйлесімді ақаулықтарды тудыруы мүмкін.
Компьютеріңіз немесе жұмыс компьютеріңіз дұрыс орнатылмаған.
Өнім ажыратылған немесе басқа желі параметрлері дұрыс емес.
Төмен физикалық байланыс
1. Дұрыс ұзындықтағы кабельді пайдаланып, өнімнің дұрыс жедідік портқа жалғанғанын
тексеріңіз.
2. Кабельдің қауіпсіз жалғанғанын тексеріңіз.
3. Өнімнің артқы жағындағы желілік портқа қосатын жерді қарап, сарғыш түсті жұмыс шамы және
жасыл түсті мәртебе шамы жанып тұрғанын тексеріңіз.
4. Егер ақаулық шешілмесе, концентраторға басқа кабельді немесе портты қолданып көріңіз.
Компьютер өнім үшін дұрыс емес IP мекенжайын қолдануда
1. Принтердің сипаттарын ашып, Ports жиекбелгісін басыңыз. Өнім үшін қазіргі IP мекенжайының
таңдалғанын тексеріңіз. IP мекенжайы конфигурациялау бетінде көрсетілген.
2. Өнімді HP компаниясының стандартты TCP/IP порты арқылы орнатқан болсаңыз, IP мекенжайы
өзгерсе де әрдайым осы принтерге басып шығару атты жолды таңдаңыз.
3. Өнімді Microsoft компаниясының стандартты TCP/IP порты арқылы орнатқан болсаңыз, IP
мекенжайының орнына хост атын қолданыңыз.
4. Егер IP мекенжайы дұрыс болса, өнімді жой
ып, оны қайта қосыңыз.
118 9-тарау Мәселелерді шешу KKWW