HP LaserJet Pro CP1020 - User Manual

Өнім басып шығармайды немесе баяу басып шығарады
Өнім басып шығармайды
Егер өнім тіптен басып шығармайтын болса, төмендегі шешімдерді орындаңыз.
1. Өнімнің іске қосылғанын және басқару панелінің дайын болуын тексеріңіз.
Басқару панелінде өнімнің дайын екені көрсетілмесе, өнімді өшіріп, қуат сымын өнімнен
ажыратыңыз. 30 секунд күтіп, қуат кабелін қайта жалғап, құрылғыны қосыңыз. Өнімнің
қосылуын күтіңіз.
Басқару панелінде өнімнің дайын екені көрсетілсе, конфигурация бетін басып шығару үшін,
Жалғ
астыру
түймесін 2-3 минут басып тұрыңыз. Орындалған жағдайда, тапсырманы
қайта жіберіп көріңіз.
2. Егер басқару панелі өнімде қате бар екенін көрсетсе, қатені қайта жөндеп, тапсырманы қайтадан
жіберіңіз.
3. Барлық кабельдердің дұрыс қосылғанын тексеріңіз. Өнім желіге қосылған болса, төмендегі
элементтерді тексеріңіз:
Өнімдегі желі байланысының жанындағы шамды тексеріңіз. Егер желі белсенді болса,
шамда жасыл түс жанады.
Желі
ге қосылу үшін телефон сымы емес, желі кабелі пайдаланылғанын тексеріңіз.
Желі маршрутизаторы, концентратор немесе ажыратқыш қосылғанын және дұрыс жұмыс
істеп тұрғанын тексеріңіз.
4. HP бағдарламалық құралын өніммен бірге берілген ықшам дискіден орнатыңыз. Жалпы
принтердің драйверлерін пайдалану басып шығару кезегіндегі тапсырмаларды жойғанда
кешіктірулерге себеп болады.
5. Егер компьютерде жеке желіаралық дидар жүйесін пайдалансаңыз, өніммен жасалған бай
ланыс
бұғатталуы мүмкін. Ақаулықтың көзі екенін қарау үшін, желіаралық қалқанды уақытша
ажыратыңыз.
6. Егер компьютер немесе өнім сымсыз желіге қосылған болса, сапасы төмен сигналдар немесе
кедергі басып шығару тапсырмаларын кідіртеді.
Өнім баяу басып шығарады
Егер өнім басып шығарса, бірақ баяу басып шығаратындай көрінсе, төмендегі шешімдерді орындаңыз.
1. Компьютерде осы өнім үшін ең аз сипаттар бар екенін тексеріңіз. Сипаттар тізімі үшін, мына веб-
торапқа өтіңіз:
www.hp.com/support/ljcp1020series.
2. Өнімді қалың қағаз сияқты кейбір қағаз түрлерін басып шығаруға конфигурациялаған кезде,
қағазға тонер дұрыс бекітілетіндей өнім ақырын басып шығарады. Егер қағаз түрінің
параметрлері қолданыстағы қағаз түріне сәйкес болмаса, параметрді дұрыс қағаз түріне
өзгертіңіз.
3. Егер компьютер немесе өнім сымсыз желіге қосылған болса, сапасы төмен сигналдар немесе
кедергі басып шығару тапсырмаларын кідіртеді.
4. Өнім са
лқындау режимінде тұрған болуы мүмкін.
KKWW Өнім басып шығармайды немесе баяу басып шығарады 117