HP LaserJet Pro CP1020 - User Manual
●
Егер нүкте немесе жолақтар тек топтардың бірінде шықса, топпен байланысатын баспа
картриджін ауыстырыңыз.
●
Егер нүктелер бірден көп топта шығатын болса, тазалау бетін басып шығарыңыз. Егер бұл
ақаулық шешілмесе, нүктелердің әрдайым бірдей түсте болатынын анықтаңыз; мысалы, қызыл
нүктелер барлық түс ленталарында шығады. Егер нүктелер бірдей түсте болса, баспа картриджін
ауыстырыңыз.
●
Бірнеше түс арнасында сы
зы
қтар пайда болса, бейнелеу барабаны жұмыс мерзімінің
аяқталмағанын тексеру үшін, жабдықтар күйінің бетін басып шығарыңыз. Бейнелеу
барабанының жұмыс мерзімі аяқталмаған болса, оның зақымданбағанын тексеріңіз. Бейнелеу
барабаны зақымданбаған болса, HP компаниясына хабарласыңыз.
Баспа картриджі мен бейнелеу барабанының зақымданбағанын тексеру
1. Баспа картриджін өнімнен шығарып, зақымданбағанын тексеріңіз.
2. Баспа картриджі зақымданбаған болса, баспа картриджін бірнеше рет ақырын сілкіп, қайта
орнатыңыз. Мәселенің шешіліп-шешілмегенін тексеру үшін, бірнеше бет басып шығарыңыз.
3. Мәселе шешілмесе, бейнелеу барабанын өнімнен шығарып, бетін қарап шығыңыз.
ЕСКЕРТУ: жасыл дөңгелекшеге тимеңіз. Бейнелеу барабанындағы саусақ іздері баспа сапасына
кері әсер етеді.
4. Бейнелеу барабанында кез келген сызық, саусақ іздері немесе басқа зақым болса, бейнелеу
барабанын ауыстырыңыз.
Қайталанатын ақаулықтар
Беттегі келесі аралықтарда ақаулар қайталанса, баспа картриджі зақымданған болуы мүмкін.
●
22 мм (баспа картриджі)
●
26 мм (бейнелеу барабаны)
KKWW Баспа сапасын жақсарту 115