HP LaserJet Pro CP1020 - User Manual

Басып шығару тым ақшыл немесе кей жерлерде күңгірттеу көрінеді.
Басып шығарылған беттерде кішкентай басылмаған аумақтар бар.
Басып шығарған беттерде жолақтар бар.
Басып шығары картриджін ауыстыру қажет екенін анықтасаңыз, шынайы HP баспа картриджінің бөлік
нөмірін табу үшін жабдықтар күйі бетін басып шығарыңыз.
Баспа картриджінің түрі Мәселені шешу қадамдары
Қайта толтырылған немесе өңделген
баспа картриджі
HP компаниясы жаңа немесе қайта өндірілген HP жабдықтары болып табылмайтын
жабдықтарды пайдалануды ұсынбайды. Олар HP компаниясының өнімдері
болмағандықтан, HP компаниясы олардың әзірленуіне ықпал ете алмайды және
сапасын бақылай алмайды. Қайта толтырылған немесе қайта өндірілген баспа
картриджін пайдаланып, баспа сапасы қанағаттандырмаса, баспа картриджін «HP»
жазуы немесе HP логотипі бар түпнұсқа HP баспа ка
ртриджімен ауыстырыңыз.
Шынайы HP баспа картриджі 1. Картридждің белгіленген жұмыс мерзімі таяғанда, компьютер экранында
<Color> cartridge Very Low (<Түс> картриджінің деңгейі өте төмен) (немесе өте
төмен деңгейге жеткенде пайдаланушы принтерді тоқтайтын етіп реттеген
жағдайда, Replace Color Cartridge (Түс картриджін ауыстырыңыз)) күйінің
ескерту хабары көрсетіледі. Жабдықтың деңгейі өте төмен екенін өнім
көрсетеді. Картридждің қалған нақты қызмет ету мерзімі басқаша болуы
мүмкін. Баспа са
пасы нашарлағанда, орнына салынатын баспа картриджін
дайындап қойыңыз. Басып шығару сапасы жарамсыз болып кетпесе,
жабдықты қазір ауыстырудың қажеті жоқ. HP жабдығы «өте төмен» деңгейге
жеткенде, HP компаниясы кепілдігінің мерзімі аяқталады.
2. Баспа картридждері мен бейнелеу барабанында ұсақ бөлшектер мен
зақымның болмағанын тексеріңіз. Төмендегі нұсқауларды қараңыз. Қажет
болса, баспа картриджін немесе бейнелеу барабанын ауыстырыңыз.
3. Егер ба
сып шығарған беттерде бірдей қашықтықта бірнеше рет
қайталанатын дақтар болса, тазалағыш бетті басып шығарыңыз. Егер бұл
мәселені шешпесе, мәселенің себебін анықтау үшін осы құжаттағы
қайталанатын ақаулықтар сызғышын пайдаланыңыз.
Жабдықтар күйінің бетін басып шығару
Өнім және оның ағымдағы параметрлері туралы ақпарат беретін конфигурациялау және
жабдықтардың күйі туралы бетті басып шығару үшін басқару панелін пайдаланыңыз.
Жабдықтар күйінің бетін басып шығарыңыз. «Принтер басымдықтары» терезесінің Қызметтер
жиекбелгісіндегі Жабдық күйі бетін басып шығару пәрменін таңдаңыз.
KKWW Баспа сапасын жақсарту 113