HP LaserJet Pro CP1020 - User Manual
Принтер драйверіндегі түс параметрлерін реттеу
Баспа тапсырмасы үшін түс тақырыбын өзгерту
1. Бағдарламадағы File (Файл) мәзірінен Print (Басып шығару) командасын басыңыз.
2. Properties (Қасиеттері) немесе Preferences (Артықшылықтары) тармағына шертіңіз.
3. Color (Түс) жиекбелгісін басыңыз.
4. Түс тақырыбын Color Themes (Түс тақырыбы) ашылмалы тізімінен таңдаңыз.
●
Default (sRGB)(Әдепкі (sRGB)) Бұл тақырып өнімді RGB деректерін өңдеусіз құрылғы
режимінде басып шығаруға баптайды. Осы тақырыпты пайдаланған кезде, дұрыс көрсету
үшін бағдарламадағы немесе операциялық жүйедегі түсті басқарыңыз.
●
Vivid (Жарық): Өнім жартылай реңктердегі түстердің қанықтығын арттырады. Бизнес
графикаларын басып шығару кезінде осы тақырыпты пайдаланыңыз.
●
Photo (Фото): Өнім RGB түсін сандық шағын зертханада басылып шыққан фотосурет ретінде
бей
нелейді. Өнім Default (sRBG) (Әдепкі (sRGB)) тақырыбымен салыстырғанда терең, қанық
түстерді бейнелейді. Осы тақырыпты фотосуреттерді шығару үшін пайдаланыңыз.
●
Photo (Adobe RGB 1998) (Фотосурет (Adobe RGB 1998)): sRGB қарағанда AdobeRGB түс
кеңістігін пайдаланатын сандық фотосуреттерді басып шығарғанда осы тақырыпты
пайдаланыңыз.. Бұл параметрді пайдаланғанда бағдарламалық құралдағы түсті реттейтін
функцияны өшіріп тастаңыз.
●
Ешқайсысы
Түс опцияларын өзгерту
Ағымдағы басып шығару тапсырмасы үшін түс опцияларының параметрлерін принтер драйверінің түс
жиекбелгісінен өзгертіңіз.
1. Бағдарламадағы File (Файл) мәзірінен Print (Басып шығару) командасын басыңыз.
2. Properties (Қасиеттері) немесе Preferences (Артықшылықтары) тармағына шертіңіз.
3. Түсті жиекбелгісін басыңыз.
110 9-тарау Мәселелерді шешу KKWW