HP LaserJet Pro CP1020 - User Manual
Баспа сапасын жақсарту
Баспа сапасына байланысты мәселелердің көбін келесі нұсқауларды орындап, алдын алуыңызға
болады.
●
Принтер драйверінде әрдайым дұрыс қағаз түрінің параметрін қолданыңыз.
●
Принтер драйверіндегі түс параметрлерін реттеу
●
HP қағаз ерекшеліктеріне сай келетін қағазды пайдалану
●
Тазалағыш бетті басып шығару
●
Түстерді бір деңгейге келтіру мақсатында өнімді тексеру
●
Баспа картридждерін тексеру
Принтер драйверінде әрдайым дұрыс қағаз түрінің параметрін қолданыңыз.
Төмендегі ақаулықтар туындаса, қағаз түрінің параметрін тексеріңіз:
●
Тонер басып шығарылған беттерде жайылған.
●
Қайталанатын таңбалар басып шығарылған беттерде көрінеді.
●
Басып шығарылған беттер мыжылған.
●
Тонер басып шығарылған беттерді бояйды.
●
Басып шығарылған беттерде кішкентай басылмаған аумақтар бар.
Windows жүйесі үшін қағаз түрінің параметрін өзгерту
1. Бағдарламадағы Файл мәзірінен Басып шығару командасын таңдаңыз.
2. Өнімді таңдап,Сипаттар немесе Басымдықтар түймешігін басыңыз.
3. Қағаз/сапа жиекбелгісін басыңыз.
4. Түрі ашылмалы тізімінен пайдаланып отырған қағаз түрін таңдап, OK түймешігін басыңыз.
Mac жүйесі үшін қағаз түрінің параметрін өзгерту
1. Бағдарламадағы Файл мәзірінен Басып шығару опциясын таңдаңыз.
2. Көшірмелер және беттер мәзіріндегі Қағаз параметрлерін теңшеу тармағын таңдаңыз.
3. Қағаз өлшемі ашылмалы тізімінен бір өлшемді таңдап, OK түймесін басыңыз.
4. Аяқталуда мәзірін ашыңыз.
5. Медиа түрі ашылмалы тізімінен түрін таңдаңыз.
6. Басып шығару түймесін басыңыз.
KKWW Баспа сапасын жақсарту 109