HP LaserJet Pro CP1020 - User Manual
Қағаз қате беріледі немесе кептеледі
Өнім қағазды тартып алмайды
Егер өнім науадан қағазды тартып алмаса, осы шешімдерді орындаңыз.
1. Өнімді ашып, кептелген парақтарды шығарып алыңыз.
2. Тапсырма үшін науаға дұрыс қағаз өлшемін салыңыз.
ЕСКЕРТПЕ: Қысқа шеті (ені) өнімге бірінші салынатын етіп қағазды жүктеңіз.
3. Науадағы қағаз бағыттағыштары қағаздың өлшеміне қарай дұрыс реттелгенін тексеріңіз.
Бағыттағыштарды қағаз жинағын майыстырмай, оларға тиіп тұратындай реттеңіз.
4. Қағазды қолмен беру сұрауын растау үшін өнімнің күтіп тұрғанын қарау мақсатында, өнімнің
басқару панелін тексеріңіз. Қағаз салып, жалғастырыңыз.
Өнім бірнеше қағаз парақтарын тартып алады
Егер өнім бірнеше қағаз парақтарын науадан тартып алса, осы шешімдерді орындаңыъз.
1. Науадан қағаздар жинағын жойыңыз және оны бүгіп, 180 градусқа бұрып, аударыңыз. Қағазды
желпімеу керек. Науадағы қағаздар жинағын қайтып салыңыз.
2. Осы өнім үшін HP қағаз ерекшеліктеріне сай келетін қағазды ғана пайдаланыңыз.
3. Мыжылмаған, бүгілмеген немесе бүлінбеген қағазды пайдаланыңыз. Егер қажет болса, басқа
бумадағы қағазды па
йдаланыңыз.
4. Науаның толтырылғанын тексеріңіз. Егер солай болса, науадан қағаз жинағын толығымен алып
тастап, жинақты түзетіп, науаға қағаздың кейбірін қайта салыңыз.
5. Науадағы қағаз бағыттағыштары қағаздың өлшеміне қарай дұрыс реттелгенін тексеріңіз.
Бағыттағыштарды қағаз орнында тығыз, бірақ майыспай тұратындай реттеңіз.
Қағаз кептемелерінің алдын алу
Қағаз кептемелерінің санын азайту үшін, осы шешімдерді орындаңыз.
1. Осы өнім үшін HP қағаз ерекшеліктеріне сай келетін қағазды ғана пайдаланыңыз.
2. Мыжылмаған, бүгілмеген немесе бүлінбеген қағазды пайдаланыңыз. Егер қажет болса, басқа
бумадағы қағазды пайдаланыңыз.
3. Бұрын басылған немесе көшірілген қағазды қайта қолданбаңыз.
4. Науаның толтырылғанын тексеріңіз. Егер солай болса, науадан қағаздар жинағын шығарыңыз,
жинақты реттеп, науаға ке
йбір қағаздарды қайта салыңыз.
5. Науадағы қағаз бағыттағыштары қағаздың өлшеміне қарай дұрыс реттелгенін тексеріңіз.
Бағыттағыштарды қағаз жинағын майыстырмай, оларға тиіп тұратындай реттеңіз.
ЕСКЕРТПЕ: Қысқа шеті (ені) өнімге бірінші салынатын етіп қағазды жүктеңіз.
6. Егер ауыр, дөңес немесе тесігі бар қағаз басып шығарсаңыз, бір мезгілде қолмен беру мүмкіндігін
және бір парақ беру мүмкіндігін пайдаланыңыз.
104 9-тарау Мәселелерді шешу KKWW