HP LaserJet Pro CP1020 - User Manual

5-қадам: Бағдарламалық құралды тексеріңіз
1. Өнімнің бағдарламалық құралының дұрыс орнатылғанына көз жеткізіңіз.
2. Өнімге арналған принтер драйверін орнатылғанын анықтаңыз. Бағдарламалық жасақты қарап,
өнімге арналған принтер драйверін орнатылғанына көз жеткізіңіз.
6-қадам: Басып шығару жұмысын тексеру
1. Конфигурация бетін басып шығарыңыз. «Принтер басымдықтары» терезесінің Қызметтер
жиекбелгісіндегі Конфигурация бетін басып шығару пәрменін таңдаңыз.
2. Егер бет басылып шықпаса, кіріс науасында қағаздың бар екенін тексеріңіз.
3. Егер қағаз кептеліп қалса, кептелген жерді ашыңыз.
7-қадам: Жабдықты тексеріңіз
Жабдықтар күйінің бетін басып шығарып, баспа картридждері мен бейнелеу барабанының қалған
жұмыс мерзімін тексеріңіз.
8-қадам: Баспа тапсырмасын компьютер арқылы жіберіп көру
1. Тапсырманы өнімнің бағдарламалық жасақтамасы орнатылған басқа бір компьютерден басып
шығарып көріңіз.
2. USB кабелінің жалғауын тексеріңіз. Өнімді дұрыс портқа тікелей жалғаңыз немесе
бағдарламалық құралды қайта орнатып, пайдаланылатын қосылым түрін таңдаңыз.
3. Егер баспа сапасы қанағаттанарлық болмаса, мына қадамдарды аяқтаңыз:
Баспа параметрлерінің пайдаланылатын баспа құралына сәйкес келетінін тексеріңіз.
92 9-тарау Мәселелерді шешу KKWW