HP LaserJet Pro CP1020 - User Manual

Мәселелерді шешу тексеру парағы
Өнімге қатысты мәселені шешер кезде мына қадамдарды орындаңыз.
1-қадам: Құрылғының дұрыс реттелгенін тексеріңіз.
2-қадам: Кабель мен сымсыз байланысын тексеріңіз (сымсыз үлгілерде ғана)
3-қадам: Басқару тақтасындағы кез келген шамның жанып тұрмағанын тексеріңіз.
4-қадам: Қағазды тексеріңіз
5-қадам: Бағдарламалық құралды тексеріңіз
6-қадам: Басып шығару жұмысын тексеру
7-қадам: Жабдықты тексеріңіз
8-қадам: Баспа тапсырмасын компьютер арқылы жіберіп көру
1-қадам: Құрылғының дұрыс реттелгенін тексеріңіз.
Өнімнің дұрыс орнатылғанына көз жеткізіңіз.
1. Құрылғыны қосу үшін немесе автоматты қосу / өшіру режимін өшіру үшін қуат түймесін басыңыз.
2. Электр қорек кабелінің қосылған жерлерін тексеріңіз.
3. Желілік кернеу өнімнің қуат конфигурациясына дұрыс екенін тексеріңіз. (Кернеу талаптары
жөнінде өнімнің артқы жағындағы белгіден қараңыз.) Егер сіз қуат қалыбын қолданып, оның
кернеу талаптары ерекшеліктерге сай болмаса, өнімд
і тікелей қорек розеткасына қосыңыз. Егер
ол қорек розеткасына қосылып тұрған болса, басқа розеткаға қосып көріңіз.
4. Баспа картриджінің дұрыс орнатылғанына көз жеткізіңіз.
5. Егер осы әрекеттердің бірде біреуі көмектеспесе, HP Пайдаланушыға қолдау көрсету қызметімен
байланысыңыз.
2-қадам: Кабель мен сымсыз байланысын тексеріңіз (сымсыз үлгілерде ғана)
1. Өнім мен компьютердің арасындағы кабель жалғауын тексеріңіз. Жалғаудың қауіпсіз екеніне көз
жеткізіңіз.
2. Мүмкін болса, кабельдің өзі сау екенін басқа кабельді қолдану арқылы тексеріңіз.
3-қадам: Басқару тақтасындағы кез келген шамның жанып тұрмағанын
тексеріңіз.
Басқару тақтасы дайын күйін белгілеуі тиіс. Қате хабары пайда болса, қатені жойыңыз.
4-қадам: Қағазды тексеріңіз
1. Пайдаланылатын қағаздың сипаттамаларға сай екеніне көз жеткізіңіз.
2. Қағаздың кіріс науасына дұрыс салынғанына көз жеткізіңіз.
KKWW Мәселелерді шешу тексеру парағы 91