HP LaserJet Pro CP1020 - User Manual

Өнімді тазалау
Қағаз жолын тазалау
Егер басылған беттерде тонер нүктелері немесе дақтары болса, қағаз өтетін жолды тазалаңыз.
Тазалау барысында қағаз өтетін жолдағы шаң мен тонерді кетіру үшін мөлдір үлдір пайдаланылады.
Мөрлі немесе қалың кағаз пайдаланбаңыз.
ЕСКЕРТПЕ: жақсы нәтиже алу үшін LaserJet диапозитивтерін пайдаланыңыз. Диапозитив болмаса,
беті тегіс болып келетін көшірмеге арналған қағазды (60 - 163 г/м
2
) пайдалануға болады.
1. Өнімнің күту режимінде тұрғанын және Дайын шамының қосылғанын тексеріңіз.
2. Қағазды кіріс науасына салыңыз.
3. Windows жүйесінің науасында Құрылғы параметрлері
белгішесін тінтуірдің оң жақ түймесімен
басып, өнім атын таңдаңыз.
4. Құрылғы параметрлері жиекбелгісін басыңыз.
5. Тазалау бетін басып шығару түймесін басыңыз.
ЕСКЕРТПЕ: Тазалау үрдісі 2 минуттай уақыт алады. Тазалау үрдісі кезінде бетті тазалау мерзімді
түрде тоқтап тұрады. Тазалау үрдісі аяқталмайынша, өнімді ажыратпаңыз. Өнімді мұқият тазарту
үшін, тазалау үрдісін бірнеше рет қайталауыңыз керек болуы мүмкін.
Сыртын тазалаңыз
Құрылғының сыртындағы шаңды, дақтарды, жағылғандарды сүртіп тастау үшін жұмсақ және мамық
шүберекті пайдаланыңыз.
Өнімді жаңарту
Бұл өнімнің бағдарламалық құрал және микробағдарлама жаңартулары мен орнату нұсқауларын
www.hp.com/support/ljcp1020series торабынан алуға болады. Қолдау және драйверлер түймешігін
басып, амалдық жүйені, одан кейін өнім үшін жүктеп алынатын элементті таңдаңыз.
KKWW Өнімді тазалау 87