HP LaserJet P3010 Series - User's Guide

Table Of Contents
Қағазды қолдану мәзірін пайдалана отырып науаны конфигурациялаңыз
1. Мәзір батырмасын басыңыз.
2. ҚАҒАЗДЫ ҚОЛДАНУ мәзірін бөлектеу үшін төмен көрсеткісін басыңыз, содан кейін OK батырмасын
басыңыз.
3. Қалаулы науаға өлшем немесе түр параметрін бөлектеу үшін төмен көрсеткісін басыңыз, одан кейін
OK батырмасын басыңыз.
4. Өлшемін не түрін бөлектеу үшін жоғары көрсеткісін немесе төмен көрсеткісін басыңыз. Егер
бейімделген өлшемді таңдасаңыз, өлшем бірлігін таңдап, X өлшемі мен Y өлшемін қойыңыз.
5. Таңдауыңызды сақтау үшін OK батырмасын басыңыз.
6. Мәзірлерден шығу үшін Мәзір батырмасын басыңыз.
Қағазды қайнар көзі, түрі немесе өлшемі бойынша таңдаңыз.
Баспа тапсырмасын жіберген кезде басып шығарғыш драйвері қағазды қалай тартуына үш параметр әсер
етеді. Source (Қайнар көз), Typeүрі) және Size (Өлшемі) параметрлері бағдарламалық құралдардың
көбінің Page Setup (Бет баптаулары), Print (Басып шығару) немесе Print Propertiesаспа қасиеттері) диалог
терезесіне шығарылады. Сіз ол параметрлерді өзгертпей, өнім стандартты параметрлерді пайдалана
отырып науаны автоматты түрде таңдайды.
Қайнар көз
Source (Қайнар көз) бойынша басып шығару үшін өнімнің қағаз алатын нақты науасын белгілеңіз. Егер сіз
баспа тапсырмаңызға сәйкес келмейтін өлшемге немесе түрге конфигурацияланған науаны таңдайтын
болсаңыз, өнім сізге басып шығармас бұрын науаны сәйкес түрдегі немесе өлшемдегі қағазға толтыру
кеңесін береді. Сіз науаға салғаныңыздан кейін өнім басып шығаруды бастайды.
Түрі және өлшемі
Түрі немесе өлшемі бойынша басып шығару - сіз қағаздың дұрыс түрі мен өлшемі салынған науадан ала
отырып басып шығаруды қалайтыныңызды білдіреді. Қағазды қайнар көзі емес, түрі бойынша таңдау
науаларды бекітуге тең және арнайы қағазды байқамай пайдаланудан қорғауға көмектеседі. Мысалы, егер
науа бланктерге конфигурацияланған болса және сіз ақ қағазды таңдасаңыз, өнім сол науадағы
бланктерді алмайды. Оның орнына ол ақ қағаз салынған және өнімнің басқару панелінде ақ қағазға
конфигурацияланған науадан алады.
Қағазды түрі мен өлшемі бойынша таңдау қағаз түрлерінің көбі бойынша елеулі түрде жақсы нәтижеге қол
жеткізу мүмкіндігін береді. Қате параметрді пайдалану баспа сапасының қанағаттандырарлықсыз болуына
әкеп соғады. Жапсырмалар немесе диапозитивтер сияқты арнайы медиа түрлерін әрқашан Type (Түр)
бойынша басыңыз. Мүмкіндігінше конверт өлшемі бойынша басып шығарыңыз.
Түрі немесе өлшемі бойынша басып шығару үшінтүрді немесе өлшемді бағдарламалық құралыңызға
байланысты Page Setup (Бет баптаулары) диалог терезесінен, Print (Басып шығару) диалог
терезесінен немесе Print Properties (Баспа қасиеттері) диалог терезесінен таңдаңыз.
Егер сіз әдетте қағаздың нақты түріне немесе өлшеміне басып шығаратын болсаңыз, науаны сол
түрге немесе өлшемге конфигурациялаңыз. Тапсырмаңызды басып шығаратын түрді немесе өлшемді
таңдағаныңыздан кейін өнім қағазды автоматты түрде сол түрге немесе өлшемге
конфигурацияланған науадан алатын болады.
KKWW Науаларды конфигурациялау 85