HP LaserJet P3010 Series - User's Guide

Table Of Contents
Басып шығаруға арналған қағаз бен арқауларды пайдалану
туралы
Бұл өнім түрлі қағаз және басқа да баспа құралын осы пайдаланушы нұсқаулығындағы нұсқауларға сай
қолдайды. Осы нұсқауларға сай келмейтін қағаз немесе баспа құралы өнімдегі нашар баспа сапасын,
кептелістердің көптігін және оның уақытынан бұрын істен шығуын тудырады.
Ең жоғары нәтиже алу үшін, тек қана НР сауда белгісімен шыққан қағазды және лазерлі принтерлерге
арналған немесе әмбебап баспа құралды пайдаланыңыз. Сиялы принтерлерге арналған қағаз бен баспа
құралын пайдаланбаңыз. HP компаниясы басқа компаниялардың баспа құралын пайдалануды
ұсынбайды
, себебі HP олардың сапасын бақылай алмайды.
Кейбір жағдайларда тіпті талаптарға сай келетін қағазға басып шығарған кезде де басып шығару
сапасының қанағаттанарлықсыз болуы байқалады. Мұндай қиындық арқауды дұрыс қолданбаудың,
қолайсыз температура мен ылғалдылық жағдайында пайдаланудың, сондай-ақ HP компаниясының
бақылауы мүмкін емес басқа да мән-жайлардың салдарынан орын алуы мүмкін.
ЕСКЕРТУ: HP компаниясының талаптарына сай келмейтін қағазды немесе баспа құралын пайдаланудан
өнімде мәселелер туындап, оған жөндеу қажет болуы мүмкін. Мұндай жөндеуге HP компаниясының
кепілдігі немесе техникалық қызмет көрсету туралы келісімі қолданылмайды.
72 6-тарау Қағаз және баспа медиасы KKWW