HP LaserJet P3010 Series - User's Guide

Table Of Contents
HP Әмбебап Принтер Драйвері (UPD)
Windows арналған HP Әмбебап Принтер Драйвері (UPD) жалғыз драйвер болып табылады әрі ол
жекелеген драйверлерді жүктеместен кез келген жерден кез келген HP LaserJet өніміне виртуалды кіру
мүмкіндігін береді. Бұл дәлелденген HP принтер драйверінің технологиясына негізделген және ол егжей-
тегжейлі тестіленген және көптеген бағдарламалық құралдармен қолданылады. Бұл өте күшті шешім әрі
ол уақыт өткен сайын бір текті орындалады.
HP UPD әрбір НР өнімімен тікелей байланыстырады, конфигурация ақпаратын жинайды және содан кейін
өнімнің ерекшелігін, қолдағы мүмкіндіктерін көрсету үшін пайдаланушының интерфейсін сәйкестендіреді.
Екі жақты басу және степлерлеу сияқты өнімдер үшін мүмкіндіктерді автоматты түрде енгізеді, сондықтан
Сізге оларды қолмен енгізуге тура келмейді.
Көбірек ақпарат алу үшін www.hp.com/go/upd бетіне өтіңіз.
UPD орнату режимдері
Әдеттегі режим
Егер Сіз драйверді жеке компьютердің CD дискісінен орнатсаңыз, осы режимді
пайдаланыңыз.
Өніммен бірге келетін ықшам дискіден орнатылған кезде UPD драйвері дәстүрлі
баспа драйверлері сияқты жұмыс істейді. Ол арнайы өніммен істейді.
Егер сіз осы режимді пайдалансаңыз, сізге әр компьютер және әр өнім үшін UPD
драйверін орнату керек.
Динамикалық режим
Осы режимді пайдалану үшін Интернеттен UPD жүктеңіз. www.hp.com/go/upd
көріңіз.
Динамикалық режим кез келген жерден HP өнімдерін анықтау және сол арқылы
басып шығару үшін бір драйвер орнатылымын пайдалануыңызға мүмкіндік
береді.
Егер Сіз жұмыс тобының UPD орнатсаңыз, осы режимді пайдаланыңыз.
44 3-тарау Windows арналған бағдарламалық құралдар KKWW