HP LaserJet P3010 Series - User's Guide

Table Of Contents
Басқару тақтасының мәзірлерін пайдаланыңыз
Принтер драйвері немесе бағдарлама арқылы компьютердегі күнделікті басып шығару тапсырмаларын
орындауыңызға болады. Бұл өнімді басқарудың өте қолайлы жолы болып табылады және өнімнің басқару
тақтасының параметрлерінен басым күшке ие болады. Бағдарламаның анықтама файлдарын қараңыз
немесе принтер драйверін ашу туралы қосымша ақпарат алу үшін Windows жүйесіне арналған принтер
драйверлерінің баптауларын өзгерту (47-бет) немесе Macintosh жүйесіне арналған принтер
драйверлерінің баптауларын өзгерту (55-бет) қараңыз.
Сондай-ақ, өнімнің басқару тақтасындағы параметрлерді өзгерту арқылы өнімді басқаруыңызға болады.
Принтер драйвері немесе бағдарлама арқылы қолданылатын мүмкіндіктерге өту үшін және науалардың
қағаз өлшемін және түрін конфигурациялау үшін басқару тақтасын пайдаланыңыз.
Мәзірлерді пайдалану
1. Мәзір түймесін басыңыз.
2. Тізім бойынша жылжу үшін төмен көрсекісін немесе жоғары көрсеткісін басыңыз.
3. Опцияны таңдау үшін OK түймесін басыңыз.
4. Алдыңғы деңгейге қайту үшін артқа көрсекісін басыңыз.
5. Мәзірден шығу үшін Мәзір түймесін басыңыз.
6. Бір тармақ туралы қосымша ақпаратты көру үшін анықтама түймесін басыңыз.
Бұл негізгі мәзір болып табылады.
Негізгі мәзірлер МАҒАН ОРЫНДАУ ТӘСІЛІН КӨРСЕТІҢІЗ
ТАПСЫРМАНЫ ТАБУ
АҚПАРАТ
ҚАҒАЗДЫ ҚОЛДАНУ
ЖАБДЫҚТАРДЫ БАСҚАРУ
ҚҰРЫЛҒЫНЫ КОНФИГУРАЦИЯЛАУ
ДИАГНОСТИКАЛАУ
ҚЫЗМЕТ
14 2-тарау Басқару панелі KKWW