HP LaserJet P3010 Series - User's Guide

Table Of Contents
Еуропа Одағы аумағындағы жеке үйлерде тұратын пайдаланушылардың жабдық
қалдықтарын тастауы
Өнімде немесе оның орауышында тұрған осы рәміз бұл өнімді басқа тұрмыстық қоқыспен бірге лақтыруға
болмайтындығын білдіреді. Сіз қалдық болып қалған жабдықты электрондық және электр жабдықтарды
қайта пайдалануға арналған жинау орнына әкелу үшін жауапты боласыз. Ескірген жабдықтарды лақтыру
кезіндегі бөлек жинау табиғи ресурстарды сақтауға және оларды адам денсаулығы мен қоршаған ортаға
зиян келтірмейтін түрде қайта пайдалануға көмектеседі. Ескірген жабдықтарды қайта пайдалану үшін қай
жерге тастау керектігі туралы қосымша ақпарат алу үшін қала әкімшілік кеңсесімен, үй қалдықтарын
лақтыру қызметімен немесе бұл өнімді Сізге сатқан дүкенмен хабарласыңыз.
Химиялық заттар
HP компаниясы REACH (заңнама ЕС No 1907/2006, Еуропалық одақ пен ЕО кеңесі қабылдаған) сияқты
құқықтық талаптарға сәйкес келетін өнімдерде қамтылатын химиялық заттар туралы пайдаланушыларға
хабарлау туралы міндеттемені мойнына алады. Осы өнімге арналған химиялық мәліметтер есебін мына
жерден табуға болады: www.hp.com/go/reach.
Материалдардың қауіпсіздігі туралы мәліметтер парағы (MSDS)
Құрамында химиялық заттар бар (мысалы, тонер) қамсыздандыру материалдарының Зат Қауіпсіздік
Паспортын (МҚП) HP компаниясының www.hp.com/go/msds немесе www.hp.com/hpinfo/community/
environment/productinfo/safety веб-торабынан алуыңызға болады.
Қосымша ақпарат алу үшін
Мынадай қоршаған ортаны қорғауға байланысты тақырыптар туралы ақпарат алу үшін:
Осы өнім және HP компаниясының көптеген байланысты өнімдері үшін қоршаған ортаны қорғауына
қатысты ақпарат парағы
HP компаниясының қоршаған ортаны қорғау туралы ұстанымы
HP компаниясынын қоршаған ортаны қорғау қатысты мәселелерді басқару жуйесі
HP компаниясының қызмет ету мерзімі біткен өнімдерді қайтару және қайта пайдалану бағдарламасы
Материалдардың қауіпсіздігі туралы мәліметтер парақтары
www.hp.com/go/environment немесе www.hp.com/hpinfo/globalcitizenship/environment сайтына кіріңіз.
222 в қосымшасы Нормативтік ақпарат KKWW