HP LaserJet P3010 Series - User's Guide

Table Of Contents
ЕСКЕРТПЕ: Тек түпнұсқалық HP LaserJet баспа картридждерін қайтару үшін қайтару белгісін
пайдаланыңыз. Бұл белгіні HP сиялы картридждерге, HP шығармаған картридждерге, қайта толтырылған,
қайта жасап шығарылған немесе кепілдік мерзімі кезінде қайтарылған картридждерге пайдаланбаңыз.
HP сиялы картридждеріңізді қайта өңдеу туралы ақпарат алғыңыз келсе, http://www.hp.com/recycle
торабына өтіңіз.
Қайтару және қайта пайдалану туралы ақпарат
Америка Құрама Штаттары мен Пуэрто-Рико
HP LaserJet тонерлі картридждің қорабына салынған затбелгі бір немесе бірнеше пайдаланылған
HP LaserJet баспа картриждерін қайтаруға және қайта пайдалануға арналған. Төменгі нұсқауларды
орындаңыз.
Көптік қайтарылымдар (бір картриджден көп)
1. Әрбір HP LaserJet баспа картриджін өзінің қорабына және қапшығына салыңыз.
2. Жәшіктерді байлайтын немесе орайтын таспамен бірге байлау керек. Бір қаптаманың салмағы 31 кг
(70 фунт) дейін болуы мүмкін.
3. Бір алдын ала төленген тасымалдау затбелгісін қолданыңыз.
НЕМЕСЕ
1. Өзіңіздің ыңғайлы қорабыңызды пайдаланыңыз немесе www.hp.com/recycle торабынан не
1-800-340-2445 телефоны арқылы тегін жинақтау қорабын сұратыңыз (HP LaserJet баспа
картридждерінің 31 кг (70 фунт) дейін салмағын көтереді).
2. Бір алдын ала төленген тасымалдау затбелгісін қолданыңыз.
Бір ғана картриджді қайтару
1. HP LaserJet баспа картриджін өзінің қабына және қорабына салыңыз.
2. Тасымалдау затбелгісін қораптың алдыңғы жағына жабыстырыңыз.
Тасымалдау
Әр HP LaserJet баспа картриджін қайтару кезінде қорапты жеткізу немесе алып кету кезінде UPS (Бірыңғай
тасымалдау қызметі) мекемесіне беріңіз немесе өкілетті UPS қабылдау орталығына апарыңыз. Жергілікті
UPS қабылдау орталығының адресін 1-800-PICKUPS телефоны арқылы немесе www.ups.com торабынан
білуіңізге болады. Егер USPS белгісі арқылы қайтаратын болсаңыз, онда қорапты А.Қ.Ш. Пошта Қызметінің
тасымалдаушысына беріңіз немесе А.Қ.Ш. Пошта Қызметінің Офисінде қалдырыңыз. Қосымша ақпарат алу
үшін немесе көптік қайтарылымдарға қосымша жапсырмалар мен қораптарға тапсырыс беру үшін
www.hp.com/recycle торабына кіріңіз немесе 1-800-340-2445 нөміріне қоңырау шалыңыз. Сұраныс
бойынша UPS алып кету қызметінің құны әдеттегі алып кету бағасы бойынша есептеледі. Ақпарат
ескертусіз өзгертілуі мүмкін.
Аляска мен Гавайи тұрғындары үшін:
UPS жапсырмасын пайдаланбаңыз. Ақпарат және нұсқаулар алу үшін 1-800-340-2445 нөміріне қоңырау
шалыңыз. АҚШ пошта қызметі Аляска мен Гавайи үшін НР компаниясымен жасалған келісім бойынша
қайтарылған картриджді тасымалдау қызметіне ақы алмайды.
220 в қосымшасы Нормативтік ақпарат KKWW