HP LaserJet P3010 Series - User's Guide

Table Of Contents
Үшінші тарап USB картасынан басып шығара алмайсыз.
Себеп Шешім
Бұл қателік USB өнімдерінің бағдарламалық құралы орнатылмаған
кезде орын алады.
Үшінші тарап USB картасын қосқан кезде Apple USB Адаптер картасын
қолдау бағдарламалық құралы қажет болуы мүмкін. Бұл
бағдарламалық жасақтаманың ең жаңа нұсқасы Apple веб-торабында
бар.
USB кабелі арқылы қосылғанғанда, драйвер таңдалғаннан кейін өнім Баспа орталығы немесе Принтер баптаулары утилитасында көрсетілмейді.
Себеп Шешім
Бұл ақаулық бағдарламалық құралдың немесе аппараттық құралдың
құрамдасының әсерінен туындады.
Бағдарламалық құралдың ақауларын жою
Сіздің Macintosh жүйеңіз USB мүмкіндігін қолдайтынын
анықтаңыз.
Macintosh операциялық жүйеңіздің Mac OS X v10.3 немесе кейінгі
нұсқасы екенін тексеріңіз.
Macintosh жүйеңізде тиісті Apple компаниясының USB
бағдарламалық құралы бар екенін тексеріңіз.
Аппараттық құралдың ақауларын жою
Өнімнің қосулы екенін тексеріңіз.
USB кабелінің дұрыс жалғанғанын тексеріңіз.
Тиісті жоғары жылдамдықты USB кабелін пайдаланып
отырғаныңызды тексеріңіз.
Тізбектен қуат алатын USB құрылғыларының тым көп емес екенін
тексеріңіз. Барлық құрылғыларды тізбектен ажыратып, кабельді
тікелей хост компьютеріндегі USB портына қосыңыз.
Тізбекке екеуден артық қуатсыз USB концентраторлары
жалғанбағанын тексеріңіз. Барлық құрылғыларды тізбектен
ажыратып, кабельді тікелей хост компьютеріндегі USB портына
қосыңыз.
ЕСКЕРТПЕ: iMac пернетақтасы қуатсыз USB хабы болып
табылады.
KKWW Macintosh ақаулықтарын түзету 195