HP LaserJet P3010 Series - User's Guide

Table Of Contents
Кесте 10-2 Сурет ақаулықтарының мысалдары (жалғасы)
Мәселе Сурет мысалы Шешімі
Сұр өң 1. Өнімнен өткен парақты қайта пайдаланбаңыз.
2. Парақтың басқа түрін пайдаланып көріңіз.
3. Тағы бірнеше бетті басып, мәселенің шешілгенін/шешілмегенін көріңіз.
4. Науадағы парақты аударып көріңіз. Және парақты 180° айналдырып көріңіз.
5. Өнімнің басқару панелінде CONFIGURE DEVICE (ҚҰРЫЛҒЫНЫ КОНФИГУРАЦИЯЛАУ)
мәзірін ашыңыз. PRINT QUALITY (БАСПА САПАСЫ) ішкі мәзірін ашып, TONER
DENSITY (ТОНЕР ТЫҒЫЗДЫҒЫ) параметрін жоғарылатыңыз. Баспа сапасының
мәзірі (23-бет) караңыз.
6. Өнімге арналған қоршаған ортаны қорғау сипаттамаларының сәйкес
келетіндігіне көз жеткізіңіз. Жұмыс ортасы (216-бет) қараңыз.
7. Баспа картриджын ауыстыру қажет болуы мүмкін.
Тонердің жағылуы 1. Тағы бірнеше бетті басып, мәселенің шешілгенін/шешілмегенін көріңіз.
2. Парақтың басқа түрін пайдаланып көріңіз.
3. Өнімге арналған қоршаған ортаны қорғау сипаттамаларының сәйкес
келетіндігіне көз жеткізіңіз. Жұмыс ортасы (216-бет) қараңыз.
4. Өнімнің ішін тазалап, термобекіткішті тазарту үшін тазарту парағын өткізіңіз.
Өнімді тазалау (135-бет) қараңыз.
5. Баспа картриджын ауыстыру қажет болуы мүмкін.
Бекітілмей қалған тонер Бұл контекстте бекітілмей қалған тонер деген парақтың бетінен сүртіліп кететін
тонерді білдіреді.
1. Егер қағаз ауыр немесе бұдыр болса, өнімнің басқару тақтасында CONFIGURE
DEVICE (ҚҰРЫЛҒЫНЫ КОНФИГУРАЦИЯЛАУ) мәзірін ашыңыз. PRINT QUALITY
(БАСПА САПАСЫ) ішкі мәзірін ашып, FUSER MODES (ТЕРМОБЕКІТКІШТІҢ
РЕЖИМДЕРІ) тармағын таңдаңыз. Содан соң қолданатын парақтың түрін
таңдаңыз. Параметрді HIGH1ОҒАРҒЫ1) немесе HIGH2ОҒАРҒЫ2) деңгейіне
өзгертіңіз. Бұл тонердің параққа толығырақ бекітілуіне көмектеседі. Баспа
сапасының мәзірі (23-бет) қараңыз. Қолданып жүрген науаға парақтың түрін
орнатуыңыз керек. Науаларды конфигурациялау (84-бет) қараңыз.
2. Егер парақтың бір жағы тегіс болмаса, онда екінші тегістеу жағына басып
көріңіз.
3. Өнімге арналған қоршаған ортаны қорғау сипаттамаларының сәйкес келетініне
көз жеткізіңіз. Жұмыс ортасы (216-бет) қараңыз.
4. Сіз қолданып жүрген парақтың түрі мен сапасы HP сипаттамаларына сай
келетініне көз жеткізіңіз. Қағаз және баспа медиасы (71-бет) қараңыз.
Қайталанатын ақаулықлар 1. Тағы бірнеше бетті басып, мәселенің шешілгенін/шешілмегенін көріңіз.
2. Өнімнің ішін тазалап, термобекіткішті тазарту үшін тазарту парағын өткізіңіз.
Өнімді тазалау (135-бет) қараңыз.
3. Баспа картриджін ауыстыру қажет болуы мүмкін.
182 10-тарау Мәселелерді шешу KKWW