HP LaserJet P3010 Series - User's Guide

Table Of Contents
Қағаз қолдануға қатысты мәселелер
HP LaserJet Printer Family Print Media Guide (HP LaserJet принтерлер тобының баспа құралының нұсқаулығы)
ішінде көрсетілген сипаттамаларға сәйкес келетін қағазды ғана пайдаланыңыз. Науаға салынатын қағаз
түріне сәйкестендіру үшін басқару тақтасынан қағаз түрін әрдайым конфигурациялаңыз.
Өнім бірнеше парақ береді
Өнім бірнеше парақ береді
Себеп Шешім
Кіріс науасы толып кеткен. Науаны ашып, қағаз жинағының
максималды жинақ биіктігі белгісінен төмен екенін тексеріңіз.
Кіріс науасынан артық қағазды алып тастаңыз.
Баспа қағазы бір-бірімен жабысып шығуда. Қағазды алып, оны бүгіңіз, оны 180 градусқа бұрыңыз немесе
аударып, науаға қайта салыңыз.
ЕСКЕРТПЕ: Қағаздың бетін желдеткішпен үрлемеңіз.
Желдеткіш статикалық электр тогын туғызып, қағаздың бір
біріне жабысуына себеп болады.
Қағаз өнімнің ерекшеліктеріне сай келмейді. Осы өнім үшін HP қағаз ерекшеліктеріне сай келетін қағазды
ғана пайдаланыңыз.
Науалар дұрыс реттелмеген. Қағаз бағыттағыштарының пайдаланылып отырған қағаз
өлшеміне сай екеніне көз жеткізіңіз.
Өнім сәйкес емес бет өлшемін береді
Өнім сәйкес емес бет өлшемін береді
Себеп Шешім
Сәйкес өлшемдегі қағаз кіріс науасына салынбайды. Кіріс науасына сәйкес өлшемдегі қағазды салыңыз.
Бағдарламалық құралда немесе принтер драйверінде сәйкес
өлшемдегі қағаз таңдалмайды.
Бағдарламалық құрал мен принтер драйверіндегі
параметрлердің дұрыс екеніне көз жеткізіңіз, себебі
бағдарламалық құрал параметрлері принтер драйверлері мен
басқару тақтасының параметрлерінен басым болады, ал
принтер драйверінің параметрлері басқару тақтасының
параметрлерінен басым болады. Толық ақпарат алу үшін
Windows жүйесіне арналған принтер драйверлерінің
баптауларын өзгерту (47-бет) немесе Macintosh жүйесіне
арналған принтер драйверлерінің баптауларын өзгерту (55-бет)
қараңыз.
Өнімнің басқару тақтасынан сәйкес өлшемдегі қағаз науаға
таңдалмайды.
Басқару тақтасынан науаға сәйкес өлшемдегі қағазды
таңдаңыз.
Қағаз өлшемі кіріс науасына дұрыс конфигурацияланбаған. Науа қай қағаз өлшеміне конфигурацияланғанын анықтау үшін
конфигурациялау бетін басып шығарыңыз немесе басқару
тақтасын пайдаланыңыз.
Науадағы бағыттағыштар қағазға қарама-қарсы тұрған жоқ. Қағаз бағыттағыштарының қағазға тиіп тұрғанын тексеріңіз.
KKWW Қағаз қолдануға қатысты мәселелер 175